Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
14-10-2021, 15:39
442
0
14-10-2021, 15:37
368
0
» Тәртіп – өркендеудің кепілі

Тәртіп – өркендеудің кепілі

23.09.21
Автор: magnetit
Просмотров: 729
Комментариев: 0

«Қашар кені» АҚ жұмысшыларға қолайлы жағдай жасауды мықтап қолға алды. Бұл жердегі бөлімшелер жұмыс орындарын тәртіпке келтіріп, «ERG Way» жүйесіне сәйкестендіру тұрғысында көш бастап тұр. Жақында кәсіпорынға қарасты жылжымалы құрамды жөндеу цехында жұмысшылардың күшімен бірқатар әктеп-сылау жұмыстары атқарылып, құралдар мен бөлшектерге арналған сөрелер жасалды. Өндірістік процесс барысында туындайтын ұсақ-түйек проблемаларды шешу және жұмыстарды стандарттауға бағытталған «Өндірістік жүйе» қатысушыларының үздіктері де жақында «Қашар кені» АҚ басшылығының атынан сый-марапатқа ие болды.


 «Қашар кен»і АҚ жылжымалы құрамды жөндеу цехында теміржол көлігіне қажетті бөлшектер жөнделіп, компрессорлар қалыпқа келтіріледі. Мұндағы мамандар «ERG тобының» барлық кәсіпорындары сияқты жаңалық енгізуден қалыс қалмай, өндіріс процесін барынша онтайландыруды мақсат еткен. Сондай жаңартудың бірі цех жұмысшыларының күшімен орындалып, жөндеу барысында қолданылатын әрбір бөлшек сөрелерге қойылып, іздеген адамға оңай табылады.
- Цехтың әрбір жұмысшысы мұндай жаңаруды қолдап, қалыпқа келтіру жұмысына белсенді қатысты. Тәртіп бар жерде берілген тапсырманы орындау әлдеқайда жеңіл. Біздің мамандар да осыны жақсы түсінеді. Өндіріс жоспарын да ойдағыдай орындап келеміз, - дейді «Қашар кені» АҚ ЖҚЖЦ бастығының міндетін атқарушы Алексей Соловьев.
Жылжымалы құрамды жөндеу цехында өндірістік жүйе аясында басқа да объектілер қалыпқа келтіріліп, жиһаздары да жаңартылған. Цех басшылығының айтуынша ағымдағы жылы жұмысшыларға тапсырма беру бөлмесі де топтың корпоративтік түсімен боялып, жаңа орындықтармен толыққан. Сондай-ақ қашарлықтардың күшімен вагон жөндеу депосының асханасы жөнделіп, цех жұмысшылары өндірістік жүйені енгізу бойынша үшінші орын иесі атанған.
- Мұндай жаңару жөндеу цехымен ғана шектелмейді. Алдағы жоспарда электр-аппарат бөлімшесін жөндеуден өткізуді жоспарлап қойдық. Кәдімгі бояп-сылаудан бөлек, құралдар мен бөлшектерге арналған сөрелерді қойып, барлығын белгілеп жазамыз. Техникалық ақаулығы бар және жарамды бөлшектер мен құралдар деп бөлінеді. Жұмысшыларға да ыңғайлы болып, жұмысты сапалы әрі жылдам орындауға мүмкіндік береді. Осындай жаңару микросхемаларды жөндеу бөлімінде жасалмақ, - дейді Алексей Вадимович.
Жұмыс орындарының мұндай жаңаруы кәсіпорын басшылығынан қолдау тауып, үнемі марапатталып тұрады. Өткен аптада әрбір бөлімше мен цех жұмысшыларының «5С жүйесі» бойынша атқарған жұмыстары сараланып, «Қашар кені» АҚ жаңа президенті Нұрлан Саринжиповтың қатысуымен өткен арнайы жиында үздіктері марапатталды.
- Өндіріс үздіктерін марапаттау ең маңызды әрі жауапты іс. Қашарлықтардың күшімен қолға алынған барлық іс-шаралар өнім өндіру жұмысын жеңілдету және сапалы орындауға негізделген. Бұл жұмыстарға мамандардың өздері де атсалысатыны, әсіресе, қуантады. Жаңа өзгерістерді кәсіпорын басшылығы да үнемі қолдап, марапаттап, сыйақы табыстайды. Кәсіпорынның жаңа президенті ретінде сіздермен танысып, осындай жиынға қатысқаныма өте қуаныштымын. Әлі де талай жоспарымыз орындалып, өндірістік жетістіктерге бірге жетеміз деген ойдамын, - деді «Қашар кені» АҚ президенті Нұрлан Саринжипов.
Атқарылған жұмыстар бойынша марапат иелерін атар болсақ: «5С бойынша үздік учаске» номинациясында 3-ші орынды Тау-кен өндіру цехының кенді тиеу учаскесі жеңіп алған болса, Тау-кен электр жабдықтарын жөндеу учаскесі мен Қашар жылу орталығы 2-ші орын иесі атанды. Тау-кен және автомобиль жабдықтарын жөндеу цехы бірінші және екінші квартал қорытындысы бойынша үздік атанып, бірінші орынға ие болды. Марапаттау шарасында өндіріс процесінің тиімділігіне әсер ететін проблемаларды анықтап, өнімнің сапасын арттыру үшін құрылған «кайдзен» командалар да аталып өтілді. Соған сәйкес, 3-ші орынды тау-кен және автомобиль жабдықтарын жөндеу цехының «кайдзен» командасы жеңіп алған болса, екінші орыннан Тау-кен өндіру цехының жұмысшылары көрінді. Құрметті бірінші орын, теміржол цехының №1 және №4 «кайдзен» командаларына бұйырды.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив