Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Қазақстандықтар 1 қазанға дейін мүлік салығын төлеуі керек

Қазақстандықтар 1 қазанға дейін мүлік салығын төлеуі керек

28.09.21
Автор: magnetit
Просмотров: 831
Комментариев: 0

Рудный қаласындағы мемлекеттік кірістер басқармасы азаматтарға мүлік салығын төлеу туралы ескертпе жасады. Сонымен, Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер мен мүлік бір мүлік салығына біріктірілді. Енді үй мен жер үшін мүлік салығы сияқты бірыңғай сома төленуі керек.


 Алдағы төлемдерді есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Мемлекеттік жер кадастры» АЖ және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің «Жылжымайтын мүлік ригистрі» мемлекеттік деректер қоры АЖ деректері пайдаланылған. 2020 жылға есептелген мүлік салығы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 1 қазанына дейін «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «алдағы төлемдер» сервисінде орналастырылатын болады.
Мемлекеттік кірістер басқармасы азаматтарды МКК «E-Salyq-Azamat» тегін мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады. Мобильді қосымшаға кіру үшін, Сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі мақсатында, Сіздің ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) Сіздің ЖСН-де тіркелуі қажет. Жеке тұлғаларға дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен алдағы салық сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін білуге мүмкіндік берілген.
– Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады. МКК порталында, «электронды үкімет» (egov. kz) порталында алдағы төлемдерді көруден басқа, банктердің мобильді қосымшаларында деректерді алу мүмкіндігі іске асырылды (Kaspi kz, Homebank). Бұл ретте МКК мобильді және банк қосымшаларының алдағы төлемдер сервисінде есептелген мүлік салығының сомасы дербес шоттағы бар төлемді (артық төлемді) ескере отырып көрсетіледі, – дейді Рудный қаласындағы мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы Альбина Каримова.
Сонымен қатар, мүлік салығы бойынша алдағы төлемдердің сомасы салық берешегі болып табылмайды, осыған байланысты бұл сома МКК мобильді қосымшасының «Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін салықтық берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» сервисінде көрсетілмейді.
Жеке тұлғалар салықты екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелеріндегі төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен секілді басқа да тәсілдермен төлей алады.
– Бүгінгі таңда қаламызда мүлік салығын төлемеген 800-ге жуық тұрғындар бар. Жалпы берешек сома 1 миллион теңгеден асады. Сонымен қатар рейдттік шаралар негізінде көлік салығынан да қарызы барлар анықталып жатыр. Ол үшін жеке сот орындаушылары атсалысуда. Жыл басынан бері үш мыңға жуық көлік иелерінен 50 миллион теңгеден аса қарыздар өндіріп алынды. Жоспарлы түрде рейдтер жүргізіліп жатыр. Әлі де берешегі бар екі мыңдай рудныйлықтар бар, олардың қарызы 50 миллион теңге көлемінде, – деді бас маман.


Жарасқан Бекназарұлы
Суретті түсірген Елена Артемова

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив