Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
14-10-2021, 15:39
245
0
14-10-2021, 15:37
235
0
» Аруларымыз олжамен оралды

Аруларымыз олжамен оралды

07.10.21
Автор: magnetit
Просмотров: 1 398
Комментариев: 0


 


Ағымдағы жылдың 24-27 қыркүйек күндері Тараз қаласында КСРО-ның дзюдодан даңқты спорт шебері Бақытжан Ташметовты еске алуға арналған халықаралық турнир ұйымдастырылып, еліміздің түпкір-түпкірінен 18 жасқа дейінгі спортшылардың басын қосты. Аталған турнирге Рудный қаласынан 4 спортшы аттанып, олардың екеуі алтын және күміс жүлдемен оралды.


Халықаралық турнир дзюдошылар үшін қажетті ұпайлар жинап, рейтинг бойынша жоғары көтерілу мүмкіндігін береді. Сондықтан, бұл додаға әр өңірден тек мықты спортшылар жиналған. Рудный қаласының атынан турнирге барған дзюдошылар да Ел чемпионаттарына қатысып, жас-тар арасында өткен жарыстардан жүлделі орындарға ие болғандар.
- Қаламыздың атынан халықаралық турнирге қыздары-мыз Дина Балун және Жансая Ерқуанышева, ұлдарымыз Мейірлан Зікрияев пен Еркебұлан Орынбаев қатысты. Бұл жарыста қыздарымыз шеберлік көрсетіп, алтын және күміс медальдарды жеңіп алды. Бұл олардың үлкен еңбегі мен жігерінің арқасындағы үлкен жеңіс деп ойлаймын, - дейді «Горняк» ЖСК дзюдодан жоғары категориялы бапкері Бейбарыс Шеденов.
Еліміздің дзюдодан спорт шебері Бақытжан Ташметовты еске алуға арналған турнирде Дина Балун 63 келіге дейінгі салмақ категориясында өнер көрсетіп, 5 кездесудің барлығында басым түскен. 48 келіге дейінгі салмақта жасыл кілемге шыққан Жансая Ерқуанышева ақтық кездесуге дейін өтіп, күміс жүлденің иесі атанды. Бапкерлердің айтуынша қыздардың бұл жеңісі келер жылдың ақпан айында өтетін Ел чемпионатына қатысуға мүмкіндік беріп отыр. Дзюдошылар үшін дәрежесі жоғары бұл додада жергілікті спортшылардың бағы жанса, Азия чемпионатына жолдама алу мүмкіндігі бар.
Айтып өтейік Қазақстан мен шетелде өтетін түрлі жарыстардан жүлделі оралып жүрген спортшы қыздар «Горняк» жастар спорт кешеніндегі дзюдо секциясына 2016 жылы келіпті. Тыңғылықты дайындық пен жеңіске деген ұмтылыстың, бапкерлердің еңбегінің арқасында Жансая Ерқуанышева мен Дина Балун Рудный қаласының намысын лайықты қорғап жүр. Ендеше алдағы додаларда тек жеңіспен оралуын тілейміз!


Ерғали Убайдуллаев
Сурет жеке мұрағаттан алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив