Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
14-10-2021, 15:39
245
0
14-10-2021, 15:37
235
0
» Қыранның қос қанатындай

Қыранның қос қанатындай

07.10.21
Автор: magnetit
Просмотров: 1 381
Комментариев: 0

 





Облыс орталығы Қостанайда қыркүйек айының 20-25 аралығында өнерде де, өмірде де қыранның қос қанатындай қатар самғап,жасындай жарқ етіп өмірден өткен, Торғай-Тобыл өлкесінің мәдени дамуына зор үлес қосқан ҚР мәдениет қайраткері Абай Әмірханов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Назымбек Молдахметовтердің құрметіне бірнеше атаулы ісшаралар өткізілді.


Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл! Бұл жасампаз, жаңа тарихымыздағы жарқын бір белес! Алқабы астыққа толы, қойнауы кенге бай Қостанай өлкесінің, тарихы тереңге кеткен Тобыл мен Торғай саласының аты алты алашқа ардақты, әрбір қазақ үшін қастерлі де қымбатты мекен. Туған жердің қадір-қасиетін аспандатқан, абыройын асқақтатқан тарихи тұлғалары, көсемдері мен шешендері,абыз ақсақалдары, арқалы ақындары мен әншілері емес пе?! Осы орайда найзағайдай жалт етіп, өздерінің қысқа ғұмырында керемет еңбек сіңірген,өкінішке орай өмірден ерте кеткен қос азамат ҚР мәдениет қайраткері, Қостанай балалар шығармашылық үйінің жанынан ашылған жас домбырашылар ансамблінің жетекшісі, Қостанай педагогикалық институтының Ұлт аспаптар кафедрасының ұйымдастырушысы, алғашқы кафедра меңгерушісі, Уфа қаласында өтетін дәстүрлі «Орал моңо» халықаралық конкурс-фестивалінің жеңімпазы, қазылар алқасының тұрақты, кейін құрметті мүшесі Абай Әмірханов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ақжелең» этнографиялық ансамблін, облыстық ұлт-аспаптар оркестрінің алғашқы ұйымдастырушысы, бас дирижері, Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның директоры болған Назымбек Молдахметовты еске аламыз. Сонау аумалы төкпелі 1990 жылдары екеуінің Қостанайдың ұнжырғасы түскен ұлттық өнерін өрге сүйрегенін, рухани жағынан ағалық –інілік жолдарын берік ұстанып, адал достықтарын ақырына дейін сақтағанын олардың әріптестері мен жүздеген шәкірттері жақсы біледі.
Биыл Назымбектің өзі ашқан қазақ ұлт-аспаптары оркестріне атын беру туралы қабылданған шешім де көпшілік көңілінен шық-ты. Енді қалалық мәдениет бөліміне қарасты «Мирас» мәдениет үйінің қабырғасына Абай Ғазизұлының мемориалдық тақта орнатылды, бұл өнер тарланына берілген зор баға, үлкен құрмет еді. Екі азаматқа Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университеттің «Өнер» факультетінде арнайы домбыра сыныбы ашылды. Заманауи үлгіде безендірілген сыныпта Абай мен Назымбектің өмір жолы мен портреттері ілініпті. Бұл аталған жиынға қос арыстың туыс-туғандары, әріптес достары, сүйікті шәкірттерімен қатар,облыстың ғана емес, еліміздің мақтанышына айналған ақын Серікбай Оспанов, халық ақыны Әсия Беркенова, Айбек Қалиев, Еңбек ері Алмат Тұрсынов, облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Римма Гайсенова, бүгінгі жетекшісі Ерлан Қалмақовтар арнайы қатынасып, арнаулары мен ақ тілектерін жолдады. Биыл Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптары ор-кестріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Назымбек Молдахметовтің есімі берілуі – барша өнерсүйер қауымды қуантты. Ал, көзі тірісінде Назымбек Молдахметов Абай Әмірхановты өте құрмет тұтып, ұстаз санады. Оның өнері мен руханиятқа сіңірген еңбегін зор бағалап,үлгі қылды. «Сүйер ұлың болса – сен сүй» дейді хәкім Абай. Кәсіби музыкант, шебер ұйымдастырушы, дарынды ұстаз, дәулескер күйші Абай Ғазизұлы мен Назымбек Молдабекұлы қандай құрметке де лайық. Оларды қадірлеу – ұлттық өнерімізді қадірлеу!
Тәуелсіз Қазақстан үздіксіз даму үстіндегі, әлемдік өркениет өресінде өз орынын алуға ұмтылып келе жатқан жас мемлекет. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты стратегиялық мақаласында халқымыздың әлем дамуына қосқан зор үлесін, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап жүрген Ұлы дала ұлдарын,олар-дың биік тұлғаларын бүгінгі ұрпаққа үлгі етуді айтқан болатын. Бұл -Тәуелсіз еліміздің өзінің тұлғаларын қадірлей алатынын танытып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие қалыптастырудың нақты мысалы деп айтуымыз керек.


Арман Сәбитбекұлы
Сурет жеке мұрағаттан алынды

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив