Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
14-10-2021, 15:39
245
0
14-10-2021, 15:37
235
0
» Ұстаз – ұлы есім!

Ұстаз – ұлы есім!

07.10.21
Автор: magnetit
Просмотров: 1 386
Комментариев: 0

 




ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп. XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет.


Бұл бағытта қаншама ұстаздар бүгінгі ұрпаққа білім мен тәжірибе үйретуде. Заман талабына сай тәлімгерлердің бірі Еркеғали Төребеков қаламыздағы №19 мектепте информатика саласында жемісті еңбек етіп жүр. Жас болса да балаларға білім беруде жеткілікті тәжірибесі бар. 2011 жылы РИИ-де жоғары білім алған соң Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжінде 6 жыл ұстаз болып еңбек еткен. 2017 жылы арнайы шақыртумен №19 мектепке мұғалім болып келіпті.
– Колледжден мектепке ауысқанда бірқанша қиындықтарға тап болдым. Себебі, колледжде арнайы мамандықтары болған соң оқушылар терең үңіліп үйренеді. Ал, мектепте бастапқы білімді беруде баланы қызықтыра алу керек. Бұл жерде үлкен педагогикалық тәжірибе талап етіледі, – дейді Еркеғали Төребеков.
Жаңа ақпараттық технологияны оқу үдерісіне тиімді қолдану – сапалы білім берудің негізгі факторы болып отыр. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалығын қарастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор. Бұл бағытта мектеп те талапқа сай жасақталған.
– 2019 жылы мектебімізде IT кабинеті ашылды. Енді бізде 3 информатика кабинеті бар. Енді біз робототехника саласында да балаларға дәріс беруге қауқарлымыз, – дейді Еркеғали Ғаладинұлы.
Мектеп директоры Гүлжазира Смағұлова заман талабына сай ұстаздардың бүгінгі жүгі өте ауыр әрі жауапты деп отыр. Яғни, ұстаз болу әркімнің де қолынан келе бермейді. Білікті кадрлармен ұжымын біріктірген басшы жас мамандарға аса зор үміт артатынын білдірді.
– 2021-2022 оқу жылы біз сапалы құраммен бастадық. 1 педагог-шебер, 16 педагог-зерттеуші, 18 педагог-сарапшы, 20 педагог-модераторымыз бар. Оның ішінде ерекше көзге түсетін мамандардың бірі Еркеғали Төребеков. Ол тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар педагогика ғылымдарының магистрі. Ол базалық білім берумен қатар зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Оқушылары қалалық, аймақтық жарыстарда жүлделі болған. Бірнеше авторлық жұмыстардың құрастырушысы. Мектеп ішінде өтетін бірқанша шараларда үнемі белсенді, – дейді мектеп басшысы.
Иә, ұстаз талапқа сай келсе, одан білім алған оқушы елдің ертеңін жарқын етеді. Аз уақыт ішінде ауқымды жетістіктерге жеткен ұстаз Еркеғали Ғаладинұлы көпшілікке үлгі деп білеміз.


Жарасқан Бекназарұлы

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив