Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
14-10-2021, 15:39
442
0
14-10-2021, 15:37
368
0
» Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

14.10.21
Автор: magnetit
Просмотров: 390
Комментариев: 0


 





Қарттар күні мерекесінде дәстүр бойынша ССКӨБ кең ауқымды құттықтау науқанын жүргізеді. Бірлестіктің бірнеше мыңдаған ардагерлерін кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің өкілдері үй-үйлеріне барып, сыйлықтар табыстап, оларды мерекелерімен құттықтап жүр және қала мен қала құрушы кәсіпорынның гүлденуіне бағытталған көпжылдық еңбектері үшін алғыс білдіруде.


Үлкен мерекелік шара, ардагерлермен кездесу және салтанатты концерттік бағдарлама биыл өкінішке орай болмайды. Жылда бұл мереке өте жоғары деңгейде аталып өтілетін. Қойылған шектеулер осымен екінші жыл қатарынан ССКӨБ ауқымында қарттар күнін мерекелеудің дәстүрлі салтанатты бағдарламасына тыйым салып отыр. Оның орнына кәсіпорын ардагерлері жылы лебіздер мен сыйлықтарды өз үйлерінде қабылдауда.
Қасымқайыр Дүйсенбаев пен Дина Көкебаева қонақтарды қуанышпен қарсы алды. Еңбек және тыл ардагерлері Шығыс Қазақстан облысында соғыстан кейінгі кезеңде ашылған мектеп-интернатта сегізінші сыныпта кездесіпті. Екеуі де сол мектепті алтын медальмен бітірген. Содан кейін Қасымқайыр Дүйсенбаев Алматыда тау-кен металлургия институтында, Санкт-Петербургте жоспарлау және экономика университетінде оқыды. Дипломдарын алып, олар үйлену тойын өткізіп, Рудныйға келіп, өндіріс бағытында ССКӨБ-те жұмыс істейді. Дина Көкебаева 35 жыл жоспарлау бөлімінің жетекші инженері болып еңбек еткен. Ал, Қасымқайыр Дүйсенбаев алдымен Сарбай кенішінде 15 жыл жұмыс істеп, содан кейін тағы 25 жыл техникалық бөлім бастығының тау-кен ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Өмірден алған тәжірибесі көп ақсақалдың жастарға айтар ақылы, берер өнегесі көп.
– Еңбегімізді елеп-ескеріп, жыл сайын мерекеде сыйлап келгендеріңе рақмет. Біз сіздерге қарап саналы ұрпақ тәрбиелегінімізді көріп, төбеміз көкке жетіп тұрады. Елдің бүгіні мен болашағы жастардың қолдында. Сол үшін де туған қаланы өркендету жолында, еліміздің эканомикасына айтарлықтай үлес қосып отырған «ССКӨБ» акционерлік қоғамының өндіріс қарқынына елеулі еңбек етуден талмаңыздар, – деді тыл ардагері.
Қарттар күнімен құттықтау апта бойы жалғасты. Бес жарым мыңнан астам ССКӨБ пен оның еншілес ұйымдарының зейнеткерлеріне сыйлық ретінде азық-түлік пакеттері таратылды. Бұл мақсаттарға шамамен 29 миллион теңге бөлінген. Қашарлықтар да назардан тыс қалмады. «Қашар кені» акционерлік қоғамының 760-тан астам ардагеріне 3,8 миллион теңге көлемінде сыйлықтар берілді.

Жарасқан НҰРЫБАЕВ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив