Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
Вчера, 17:59
21
0
Вчера, 17:55
10
0
» Үздіктердің үздігі!

Үздіктердің үздігі!

28.10.21
Автор: magnetit
Просмотров: 16 790
Комментариев: 0

 





   «ССКӨБ» АҚ қызметкері Юлия Кручинина «Жыл геологы» номинациясы бойынша «Алтын гефест» Ұлттық салалық байқауының жеңімпазы атанды.


   Бұл геологтың 27 жылдан астам тәжірибесі бар. Оның 19-ын Юлия Кручинина кен өндіруші кәсіпорында өткізуде. Еңбек жолын ССКӨБ-тің Соколов жерасты кен басқармасының техникалық бөлімінің геологиялық жұмыстарында тау-кен жұмысшысы болып бастады. Үш жылдан кейін ол жерасты учаскесінің геологы, тағы үш жыл өткен соң Соколов шахтасының бас геологы дәрежесіне жетті. 2019 жылдың желтоқсанынан бастап Юлия Кручинина тау-кен кешенінің жетекші геологы болып жұмыс атқаруда.


   Оның тікелей қатысуымен Соколов шахтасының минералды-шикізат базасын кеңейту және нығайту, өндіріске жаңа технологияларды енгізу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Жерасты шахтасының өнімділігін арттыру – оның басты міндеті.


   Юлия Николаевнаның өндіріске қосқан үлесі елеусіз қалған жоқ. Атап айтатын болсақ, өткен жылы ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жер қойнауын барлаудың үздігі» атты құрмет белгісімен марапатталған болатын. Енді Юлия Кручинина жетістіктер қоржынын жаңа әрі маңызды марапатпен толықтырып отыр. ССКӨБ ұжымы кейіпкерімізді жеңіспен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тілеп қалады.


«ССКӨБ» АҚ Корпоративтік коммуникациялар қызметі

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив