Биігі аласармас Би-аға
15 қараша – туған жерден ұшып, қазақ аспанында сөнбейтін бір жұлдызға айналған Бейімбет Майлиннің туған күні. Ғасырдан ширек ғасыр тағы асса да, қазақ жерінің құйқалы топырағы өзгерген жоқ, бала Бейімбет суына шомылған сол Әйет баяғыша тоқтамай ағып жатыр. Ел өзінің асыл перзентін ұмытпайды. Оның бір мысалы, қаламыздағы Би аға атындағы №7 мектеп-гимназиясы Бейімбет Майлиннің туған күніне орай ауқымды іс-шаралар өткізді. Бейімбет Майлин атындағы мектептің 1 қабатында 7-8-10 сынып оқушылары Би ағаның әңгімелеріне 5 минуттық қойылымдар көрсетіп шықты. Әдеби шара осылай бас-талды. Қойылым барысында оқушылардың образға кіруі, керекті реквизиттердің болуы, сол заманғы адамдардың түр әлпетін келтіріп гримдеу, артқы фон, осының барлығына қойылымға қатысушы сыныптар толық дайындалып, жоғары деңгейде көрсете білді. Барлық қатысушылар сол кезгі орта жастағы әйелдер мен ерлердің сырт болмысын, суық келбетін, киім киісін, қоңыр дауыстарын толық сомдай білді. Сонымен қатар сауатсыздық пен теңсіздіктің жойылуын қалаған ауыл адамдарының ішкі жан дүниесін барынша жеткізе білді.
Сонымен қатар, 1-2 сыныптар Б.Майлин шығармаларына пазл жасаса, 3-4 сыныптар Беймбет Майлин шығармашылығы, өмір жолы, еңбек жолына арналған портреттік сағаттар көрсетті. Би ағаның өлеңдері оқылды, бейнероликтер көрсетілді. 6-9 сынып оқушылары Бейімбет Майлин әңгімелеріне арнап иллюстрация жасады. Яғни әңгіме желісіне, мазмұнына сүйене отырып суреттер салды және сол әңгіменің қысқаша негізгі ойы туралы айтып берді. Бұл жұмыстардың барлығы мектептің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды. Ақсымбат ҒАНИБЕКҚЫЗЫ |
Реклама



Последние новости
Вчера, 12:16
107
0
Вчера, 12:10
102
0
Вчера, 11:51
76
0
Вчера, 11:45
72
0
Вчера, 11:43
91
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (0)
|
Популярное на сайте
|