Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
Вчера, 17:59
21
0
Вчера, 17:55
10
0
» Талпынғанға тау аласа

Талпынғанға тау аласа

25.11.21
Автор: magnetit
Просмотров: 1 357
Комментариев: 0

 







Жол шаруашылығы және құрылыстар цехы «ССКӨБ» акционерлік қоғамының теміржол бағытын дамытып отырған бөлімшелердің бірі. Мұнда қаншама білікті мамандар бірлестіктегі өндіріс қарқынын арттыруға ауқымды үлес қосып отыр. Әсіресе, болашағынан үміт күттіретін жас мамандар қатары көбейген. Солардың бірі Сванов Алмат Қанатұлы.



    Алмат Қанатұлы 2013 жылы қаламыздағы политехникалық колледжді жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету бағыты бойынша тәмамдап, сол жылдың өзінде ССКӨБ-тің тау-кен теміржол көлігі цехының «Сарыбай» учаскесіне машинистің көмекшісі болып жұмысқа орналасып, еңбек жолын бастаған. 2 жыл өткен соң, жол шаруашылығы және құрылыстар цехына жұмысын ауыстырып, бұл жерде де алғашында жол көлігі машинисінің көмекшісі болыпты. Араға 4 жыл салып, өзінің біліктілігі мен мамандығына деген қабілеттілігінің арқасында мәнсап сатысында көтерілуге қол жеткізген. Алмат Сванов 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жылжымалы құрам депосының нұсқаушы машинисі болып жұмыс істеуде.


   – Машинистерге тапсырма беру, олардың желіге шығуын қадағалау, теміржол көліктерінің кіріп-шығуын бақылау – менің негізгі міндеттерім. Әр ауысымда 30-ға жуық қызметкердің жұмысын үйлестіруім керек. Ең бас-тысы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Дегенмен, арадағы түсіністік, кәсібилік, қызметкерлердің өз атқаратын міндетін жақсы білуі жұмысымды жеңіл әрі қызықты етеді. Жалпы, ССКӨБ – мүмкіндіктер орталығы. Біз секілді жас мамандарға жан-жақты жол ашылған. Мен де өзімді сынап көру мақсатында білімімді жоғарылатуға бел будым. 2018 жылы қаламыздағы институтқа оқуға түсіп, тау-кен металлургиялық факультетінде тәлім алудамын, – дейді Алмат Қанатұлы.
Жас маман 2022 жылы диплом алып, жоғары білімге ие болған соң, мансап сатысында көтерілуге ниетті. Ол үшін жауапкершілік, үнемі дамып отыру, өзіңе деген талаптың жоғарылығы секілді бойыдағы қасиеттер керек дейді кейіпкеріміз.


   Талпынғанға тау да аласа. Алмат Сванов – болашағын жарқын етемін деген әрбір жас маманға жарқын үлгі!


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген Елена АРТЕМОВА

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив