Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
Вчера, 17:59
21
0
Вчера, 17:55
10
0
» Жөнделген жол стандартқа сай

Жөнделген жол стандартқа сай

15.12.21
Автор: magnetit
Просмотров: 1 657
Комментариев: 0

 






   Қостанай-Рудный бағытындағы кіреберіс жолдың 5 шақырымды құрайтын бөлігін күрделі жөндеп, кеңейту жұмыстары өткен жылы жоспарланып, биылғы мамыр айында басталған болатын. Сол уақытта жол жөндеушілер жүргізушілер үшін айналма жол ұйымдастырып, біраз уақыт өткен соң жаңарған жолдың бір тармағын ашып берді. Қазан айында жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған соң құрылысшылар Қостанай бағытындағы жолдың екінші тармағын да пайдалануға берді. Алайда жаңарған жолдың ресми ашылу салтанаты осы аптада өткізілді.


 


   - Қостанай-Қарабұтақ бағытындағы 114 шақырымды құрайтын тас жолды күрделі жөндеу бес учаскеге бөлінді. Оның бір бөлігі – 5,2 шақырымды құрайтын Рудныйға кіреберіс жердегі жол болып саналады. Бүгінде барлық жұмыстар 100 пайызға орындалып, жүргізушілер үшін ресми тапсырылды, - дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиал директорының орынбасары Хамзат Сұлтанов.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жобалау 2019 жылы басталып, жолды жөндеуге 150 адам және 90-ға жуық техника жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша жөндеу барысында қолданылған құрылыс материалдарының 95 пайызы отандық өнім болып саналады. Жобаның жалпы құны 4,5 млрд. теңгені құрайды.


  - Құрылыс барысында жобаға сәйкес көлік жолдарын 4 жолаққа дейін кеңейттік. Қазір оның ені 18 метрді құрайды. Бұған қоса жаяу жүрушілер мен велосипед жүретін жолдарды ұйымдастырдық. Жөнделген жол қауіпсіздік талаптарына толықтай сәйкес келіп, бағдаршамдармен, жарық жүйелерімен қамтамасыз етілген, - дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жұқабетов.


   Қостанай-Рудный бағытындағы жол бөлігін қоса алғанда, құрылысшылар жалпы ұзындығы 114 шақырымды құрайтын «Қостанай-Қарабұтақ» дәлізінің 71 шақырымын толық жаңартқан.


   - 2023 жылға дейін Рудный қаласынан бастап «Аят» көпіріне дейінгі жол бөлігі жөнделіп, 4 жолақты болмақ. Ал «Аят» көпірінен Тобыл станциясына дейінгі жол бөлігі 2-ші санатқа еніп, 2 жолақты болмақ, - дейді Хамзат Сұлтанов.


   «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері айтқандай, Қостанай-Қарабұтақ тас жолын толық жөндеу аяқталғаннан кейін, осы жолдар бойынша көліктердің жүруі алдағы уақытта ақылы болуы мүмкін. Транзиттік көліктер үшін жол ақысы ресми тарифпен есептелетін болса, жергілікті халық үшін төлем құны арнайы белгіленіп, болжам бойынша жылына небәрі мың теңгені құрайтын болады, дейді мамандар.


Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив