Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
Вчера, 17:59
21
0
Вчера, 17:55
10
0
» «Жадыра» ансамбліне 30 жыл

«Жадыра» ансамбліне 30 жыл

23.12.21
Автор: magnetit
Просмотров: 4 149
Комментариев: 0





 


Аймақ төрінде және қаламызда «Жадыра» халықтық вокалдық ансамблінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылған концерттер өтті. Қазір не көп – ансамбль көп, ән көп. Бірақ «Жадыраның» жөні бөлек. Ансамбльді 1991 жылы әнші-композитор Қайрат Нұрғазин ұйымдастырған еді. Рудныйда алғаш «Әжелер» ансамблі болып құрылған ұжым сол кезде көп айтыла қоймайтын ұлттық бояуы қанық дәстүрлі халық әндері мен қазақ композиторларының туындыларынан ғана тұратын ерекше репертуарымен әнсүйер қауымды өзіне бірден баурап алған.


   Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялаған жылы халықты әсем әндерімен жадырату ниетімен «Жадыра» ансамблі де құрылған еді. Биыл ансамбль Ел Тәуелсіздігімен қатар 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Қазақ әндерін сақтау, дамыту, оның мәдени байлығын көрсетуді мақсат еткен ансамбль еліміздегі түрлі этнос өкілдерімен сыйластық қарым-қатынас құрып, өзара сенімділікті нығайтуда. Бұл мақсат ансамбльдің репертуарында қамтылған әндерде көрініс тапқан.


    Жұртшылықтың жүрегінен орын тапқан, әсем әндерімен қуантып, сахна төрінде жарқырап жүрген Рудный қаласының «Жадыра» халықтық ансамблінің өнерпаздары мерейтойға орай Қостанай қалалық Достық үйінде және қаламыздағы жастар ресурстық орталығының акт залында «Әнім саған – туған ел» атты концертін берді. Мерейлі шаралар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» Қоғамдық бірлестігінің және ел ағаларының қолдауымен өнер сүйер қауымға жол тартып отыр.
Қала әкімі орынбасарынан бастап түрлі өнер ұжымдары мен БАҚ өкілдері мерейтой иелерін құттықтап, сөз сөйледі. Солардың бірі, Рудный қаласының құрметті азаматы, ақпарат саласының үздігі, «Жадыра» халықтық ансамблінің орындап жүрген бірнеше әндерінің авторы, ақын Арман Хасен ізгі тілегін білдіріп, естелік сыйлығын табыстады:


   – Жадыраның алғашқы жетекшісі болған менің досым Қайрат Нұрғазиннің әруағы риза болсын. Қайрат негізін қалаған, Ая-София Бірманова апаларымыз әнін шырқаған топқа биыл 30 жыл. Қала тарихында қазақилықты қайта қалыптастыруда осы «Жадыра» ансамблінің орны ерекше. Бүгінгі жас ұрпақ мұның ізін жалғастырса қазақтың өнері ешқашан өлмейді. Мерейтой құтты болсын!


   Деректерге көз жүгіртсек, 90-жылдары Рудный қаласында бірнеше ұлттық ансамбльдер пайда болды. Солардың ішінде ерекшеленіп шыққаны «Әжелер» ансамблі, кейін «Жадыра» деп аталды. Тәуелсіздіктің құрдасы болған ансамбльге 2016 жылы қазанның 10-ы күні ҚР-ның Мәдениет және спорт министірлігі «Жадыра» халықтық вокалдық ансамблі атағын берді. Ансамбльге алғаш әнші, композитор Қайрат Нұрғазин жетекшілік еткен болса, кейін Ақжанай Қалиева және Даулеткерей Қиқымовтар тізгінді қолға алған болатын. Қазіргі таңда ансамбльге бүкілодақтық және республикалық сайыстардың жеңімпазы, «Мәдениет саласының үздігі», талантты музыкант әрі композитор Владимир Лущ 17 жылдан астам уақыт жетекшілік етіп келеді. 2004 жылдан бергі ансамбльдің мүшесі Шамшия Қайыркенованың айтуынша, содан бері халықты әсем әнімен жадыратып келеді.  


   – «Жадыра» халықтық ансамблі елмен бірге қатар өсіп келеді. Негізгі мақсатымыз елге, соңымыздан еріп келе жатқан жастардың бойына қазақтың халық әндерін дарыту, – дейді «Жадыра» халықтық ансамблінің мүшесі Шамшия Қайыркенова.


   Халықтық ансамбльдің жанкүйер тыңдаушылары да көпұлтты зейнет жасындағы егде кісілер. «Жадыраның» әндерін тыңдаған сайын жаның жадырай түсері анық. Бір тыңдаған соң ұмытылып қалатын бүгінгінің бәзбір әндеріндей емес, шынайы сезімнен туған отаншыл рухтағы шығармалар бойға қуат құйып, өмірге деген құштарлықты арттыра түседі.


   – Биылғы жылы Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған бірқанша шараларды өткіздік. Қалалық ардагерлер кеңесінің қолдауымен мектептерде кездесулер өткізіп, ел мен тіліміздің бүгінгі тағдырын талқылап, тұщымды әндерді орындау арқылы балаларға рухани азық бердік. Біздің бағытымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасына негізделген. Енді ауқымды концерттерді өткіздік. Қолдан келгенше өңіріміздегі тыңдармандарымызға әсем әндерімізді сыйлап жатырмыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, көк туымыз көкте желбіреп, жарқын әндеріміз жаңғыра берсін!, – дейді өнер жанашыры Жақсылық Кәкенұлы.


   «Жадыра» ансамблі колледждер мен мектептер, интернаттар мен кітапханаларда өтетін шығармашылық кештердің қалаулы қонағы. Қостанай, Лисаков қалалары, Меңдіқара, Бейімбет Майлин аудандары мен Қашар, Горняцкий, Перцевка, Юбилейный ауылдарында және де «Орбита» демалыс орталығында, «Алые паруса» шығармашылық көркемөнерпаздар үйінде өз өнерлерін көрсетіп тұрады. Бүгінде ансамбльге 55-82 жас аралығындағы 19 кісі мүше. Сыңғыр дауысты апаларымыздың қатарына соңғы жылдары ер адамдар қосылыпты. Отыз жыл бойы көрермендердің көзайымына айналып, халықты әнімен жадыратып жүрген «Жадыра» ансамблінің ғұмыры ұзақ болсын!


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив