Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
Вчера, 17:59
21
0
Вчера, 17:55
10
0
» Жоғары марапат

Жоғары марапат

23.12.21
Автор: magnetit
Просмотров: 3 972
Комментариев: 0





 



Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы рудныйлықтар үшін берекелі болуда. Егемендік алғалы бері қажырлы еңбегімен елдің дамуына үлес қосқан өңір азаматтары жуырда облыстық әкімдікте бас қосып, мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мұндай жоғары сыйлыққа биыл рудныйлық үш азамат ие болып отыр. Олардың қатарында бірлестік

 жұмысшысы Мұратбек Байбосынов та бар.



   Тәуелсіздік күні қарсаңында Ел Президентінің «Құрмет грамотасына» ие болған жерлестеріміздің бірі Мұратбек Ергенұлы аймақтағы кен алыбында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақытқа дейін өндірістің барлық егжей-тегжейліктерін жетік меңгеріп, жас мамандарға тәлімгер де болып жүрген ол, тиянақты жұмысының арқасында шекемтас өндіру цехының үлгілі жұмысшыларының бірі саналады. Бүгінгі кейіпкеріміз бірлестіктің қоғамдық өміріне де белсенді араласып, бірнеше рет цехтың «Құрмет тақтасынан» да көрінген. Оның жемісті еңбегі биыл мемлекеттік дәрежеде жоғары бағаланып, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұратбекке ерекше құрмет көрсетілді.


   - Қостанай облысының әкімдігінен хабарласып, Рудный қаласынан 3 азамат жоғары марапатқа ие болғанын айтты. Солардың арасында мен де бар екенмін. Салтанатты жиында аймақ басшысы Ел Президентінің атынан «Құрмет грамотасын» табыстады. Мен үшін бұл үлкен қуаныш болып, абыройымды асқақтатқаны сөзсіз, - дейді марапат иесі.


   Мұратбек Байбосыновтың бүгінгі жетістігі жанындағы әріптестері мен жастарға үлгі болары сөзсіз. Ең алдымен жұбайы мен балалар үшін үлкен мақтаныш болып табылады. Қостанай қаласындағы Жастар сарайында өткен мерекелік жиында Мұратбекпен қатар арнайы мемлекеттік наградалармен Рудный қаласының мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Татьяна Щербакова мен жеке кәсіпкер Любовь Карагулина марапатталды.


Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив