Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Көпбейінді техника

Көпбейінді техника

17.01.22
Автор: magnetit
Просмотров: 3 508
Комментариев: 0


   Жаңа жылда жаңару қарқынды жүруде. ССКӨБ ескі жыл соңында су жаңа Caterpillar маркалы бульдозерге ие болды. Сонымен қатар тағы бір осындай техника құрастырылып жатыр. Қазіргі таңда Д6Р2 бульдозері өндіріс алаңында жұмыс істеп жатыр. Оның артықшылықтары мен мүмкіндік тері жайлы автокөлік цехының мамандары баяндап берді.


  Сүру, жер жырту, тегістеу, тасымалдау және тағы басқалар. Осындай бірнеше міндеттерді орындайтын техника қазіргі таңда өндіріс алаңына аттандырылған. Кәсіпорынның көліктер паркі сәт сайын жаңарып отыратыны белгілі. Бұл жолғы техника өзінің ерекшеліктерімен мамандарды тамсандырған.
   – Бұл бульдозер жеңіл әрі шапшаң қимылдайды. 275 ат күшіне ие. Біз оны қалдық учаскесінде, цехтарда және шахта алаңында қолданамыз. Бульдозерде барлық қолайлылық жаратылған. Жүргізушіге басқару өте оңай. Жалпы бізде техникалар базасы сәт сайын жаңаруда. 2 ай алдын жаңа техникалар келген болса, міне тағы бір су жаңасына ие болдық, әлі жаңа техникалар алып келу жоспарда бар. Ол үшін басшылыққа алғыс айтамыз. Қызметкерлерге қолайлы жағдай жаратуды басты мақсат еткен кәсіпорынның бағыты өте маңызды. Араға көп уақыт салмай-ақ жаңа техникалар кеткен шығынды өтейтініне сенімдімін, – дейді «ССКӨБ» АҚ көлік кешені автокөлік цехының тау-кен жол көлігі учаскесінің №8 колонна бастығы Александр Боровский.
   Бірінші кезекте бұл бульдозер өндіріс кешенінде дайын өнімдерді тасымалдайды. Сонымен қатар кен өнімдерін жүктеу үшін алаңдарды дайындайды. Осындай міндеттерді қалдық учаскесі мен шахта алаңдарында орындауы көзделген.
   – Қуаттылығы, ат күші мен орындау міндеттеріне тоқталсақ, бұл бульдозер алдын келген техникалармен шамалас деуге болады. Жаңаның өзгелерден артықшылығы қауіпсіздіктің күшейтілгендігінде. Қаңқасы қосымша қорғаныспен бекітілген. Яғни, кеніштерде жұмыс істеп жатқанда жоғарыдан тас немесе қатты заттар құлауы әбден мүмкін, мұндай жағдайларда машинисті апаттан қорғау шарасы жоғары дәрежеде, – деді Александр Боровский.
   Сонымен қатар, техникадағы қолайлылықты одан әрі арттыру мақсатында қосымша бейнебақылау құрылғылары сатып алынған. Енді бульдозер операторы отырған орнында айналасын 360 градусқа бақылай алады. Жұмыс уақытындағы техниканың іші-сырты толықтай видеоға түсіріліп, әрбір қимыл жазылып отырады. Бірер төтенше жағдай туындағанда, қауіпсіздік мамандары ол бейнені қайта көріп, жағдайды анықтауға толықтай мүмкіндігі бар.
   Шөміштің сиымдылығы 5 шаршы метр. 4 цилиндрлі қозғалтқыш орнатылған, жанармай багының сыйымдылығы 424 литр, бұл техниканың тоқтаусыз жұмыс істеуімен есептегенде шамамен бір тәулік бойы екі ауысымға еркін жетеді деген сөз. Сонымен қатар тек Caterpillar емес, Liebherr маркалы тағы бір жаңа бульдозер жуырда өндіріс алаңына аттандырылмақ.

Жарасқан НҰРЫБАЕВ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив