Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Жағдай ушығып барады

Жағдай ушығып барады

27.01.22
Автор: magnetit
Просмотров: 1 358
Комментариев: 0










   Қостанай облысында коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші тәулігіне 200 адамнан асып, стационарлық емдеуге жатқан тұрғындардың да саны артқан. Апта басындағы ресми мәліметтер бойынша Қостанай облысында коронавирус індетін жұқтырудың 214 жағдайы тіркеліп, Рудный қаласында қатерлі вирус 79 адамнан табылған. Осындай жағдайға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары сақтық шараларын барынша сақтауға шақырып, індетпен күресудің жалғыз жолы – вакцинациялау екендігін ескертеді.


   Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Рудный қаласындағы вирус жұқтырудың жалпы өсімі өткен желтоқсан айымен салыстырғанда 1,8 есе ұлғайған. Ал жалпы статистикаға жүгінер болсақ, пандемия басталғалы бері осы уақытқа дейін кеншілер қаласында «Ковид-19» 6270 адамнан анықталып, 5965 адам толық емделіп шыққан. Жағдайдың кенет ушығуын эпидемиологтар ең алдымен сақтық шараларының барынша сақталмауымен және вирустың жаңа штаммымен түсіндіріп отыр.
   

    - Әлемде «Ковид-19» індетінің «Омикрон» деп аталатын жаңа штаммы пайда болды. Қазақстанда вирустың бұл түрі 6-шы қаңтар күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында анықталып, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына себепші болды. Вирустың жаңа штаммы адамнан адамға тез таралуымен ерекшеленеді. Оған вакцинациялаудан уақытылы өтпегендер, профилактикалық шараларды сақтамайтын азаматтар тез шалдығуы мүмкін, - дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы Фариза Мырзаева.


   Эпидемиологтардың айтуынша, инфекцияның әрі қарай таралмауына жаппай вакцинациялау жұмысы оң әсерін тигізбек. Нақтырақ айтар болсақ, қаламыздағы вирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін рудныйлық тұрғындардың 70 пайызы толық иммундаудан өтуі тиіс. Бүгінгі күндегі мәліметтер бойынша 55 мың адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған болса, вакцинациялаудың толық курсынан өткендердің саны 52 мыңнан асқан. Бұған қоса ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін ревакцинациялау жұмысы да барынша күшейтілген.
 

     - Ревакцинациялау не үшін қажет дегенге тоқталар болсақ: өкінішке орай уақыт өте келе адам ағзасының вирустан қорғалу деңгейі төмендеп, қайтадан вакцинациялау қажеттілігі туындайды. Ревакцинациялау дегеніміз – қайтадан екпе егу дегенді білдіреді. Оның негізгі мақсаты – иммунитетті вирусқа қарсы күшейту болып табылады. Бүгінгі таңда Рудный қаласы бойынша ревакцинациялаудан 4449 адам өтті, - дейді Фариза Әділқызы.
   

    Осы уақытқа дейін рудныйлықтар үшін вакцинациялау және ревакцинациялауға ресейлік «Спутник V» және қытайлық «Веро Селл» вакциналары қолжетімді болып келген болса, жақында бұл тізімді америкалық «Пфайзер» компаниясының «Камернати» вакцинасы толықтырды. Бұл препарат ағзаны бастапқы иммундаумен қоса, ревакцинациялау үшін қолданылуымен де ерекшеленеді.
   

     - Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің 13-ші қаңтардағы қаулысына сәйкес, медицина жұмыскерлері мен 60 жастан асқан тұлғалар «Камернати» вакцинасын қолданумен ревакцинациялауға жатқызылады. Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін америкалық вакцинамен Рудный қаласында 664 адам егілген болса, оның ішінде 549 адам 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер болып табылады. Қалғандары жүкті әйелдер мен емізулі баласы бар аналар, - дейді бөлім бастығы.


   Белгілі болғандай қаңтар айының аяғына дейін қолжетімді вакциналар тізімі тағы да ұлғайып, Рудный қаласына «Спутник Лайт» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілмек. Мамандардың айтуынша, аталған препарат бастапқы иммундау мен ревакцинациялау үшін қолданылатын болады. Бір компонетті вакцина көршілес Ресей елінде өндірілген.


Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив