Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
3-10-2022, 11:13
750
0
3-10-2022, 11:09
595
0
3-10-2022, 10:50
620
0
» Өнері көп бригадир

Өнері көп бригадир

01.02.22
Автор: magnetit
Просмотров: 2 185
Комментариев: 0

 







   Мақаламыздың кезекті кейіпкері Аманкелді Аблазимов Сарыбай тау-кен өндіру цехының ұжымына білікті әрі тәжірибелі маман екендігімен қоса, аспазшылық өнерімен де танымал. Өзбекстан Республикасынан көшіп келген қандасымыз, осы уақытқа дейін бірлестік жұмысшылары арасында ұйымдастырылатын әртүрлі шараларға белсенді қатысып, аспазшылық сайыстардан да жүлдегер атанып жүр.

   Сарыбай тау-кен өндіру цехының кеніштегі суды шығару учаскесінде бригадир болып еңбек ететін кейіпкеріміз Рудный қаласына 2005 жылы Өзбекстанның кенді Мұрынтау жерінен қоныс аударған. Сол жерде игерген мамандығы бойынша «ССКӨБ» АҚ-нан жұмыс тауып, алдымен Соколов шахтасында тау-кен жұмысшысы, үңгуші болып еңбек еткен. Арада бірер жыл өткеннен кейін Аманкелді Назарханұлы жергілікті оқыту орталықтарының бірінде біліктілігін арттырып, бүгінгі жұмыс орнына ауысқанын айтады.


  - Кеніштегі суды шығару учаскесіне 2007 жылы слесарь-жөндеуші болып орналастым. Негізгі міндетім бойынша, учаскедегі жерасты суды тартатын сорғыларды жөндеумен шұғылданып, ақаусыз жұмысын қамтамасыз еттім. Басшылық тарапынан біліктілігімді арттыру ұсынысы түсіп, 2013 жылы бригадир болып тағайындалдым. Міне, бүгінде ауысымдағы слесарь-жөндеушілер мен дәнекерлеушілердің жұмысына бас-көз болып жүрмін, - дейді Аманкелді Аблазимов.


   Белгілі болғандай, учаске бригадирі Өзбекстан жерінде аспазшылық кәсібін де жетік меңгерген. Оның бұл өнері кәсіпорын қатарында еңбек етіп жүрген туристік командалардың көңілінен шығып, Аманкелді Аблазимов бірлестік жұмысшылары арасында ұйымдастырылатын туристік жиындардың бас аспазшысына айналған.


  - Пандемиядан бұрын, бірлестік спортшылары, туристік командалары арасында ұйымдастырылатын жиындар мен сайыстарда аспазшылар қатарына қосылып, 200-300 адамға дейін ас дайындап бергенім бар. Негізінен спортшыларымыздың талғамына сай еуропалық және азиялық асханалардың тағамдарын дайындап беріп жүрдім. Осы өнерімнің арқасында 2019 жылы Қостанай қаласында аспазшылар арасында ұйымдастырылған республикалық сайысқа қатынасып, бірінші орынды жеңіп алдым, - дейді өнерлі бригадир.

 
   Өндіріс пен қоғамдық іс-шараларда белсенді болып жүрген кейіпкеріміз басшылықтың көзіне түсіп, 2015 жылы қала орталығында орналасқан «ССКӨБ» АҚ басқармасының қабырғасына ілінген «Құрмет тақтасынан» көрінді. Бұдан бөлек, күнделікті жұмыс барысында кәсібіне адал болып, жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережесін кіршіксіз сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін басшылықтан Алғыс хат иесі атанған. Кейіпкеріміз бүгінгі жетістігімен тоқталмай, күш болса әрі қарай біліктілігі мен еңбегін шыңдап, үлкен белестерді бағындыруға бел буып отыр.


Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив