Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
21-09-2020, 15:34
63
0
» Өз ісінің шебері

Өз ісінің шебері

24.04.20
Автор: magnetit
Просмотров: 195
Комментариев: 0

Өз ісінің шебері


Жылжымалы құрамды жөндеу цехының слесарі, осы жабдықта жұмыс істейтін үздік қызметкер Василии Рассказов темір кескіш жабдықта жұмыс істеу бойынша 6 жылдық тәжірибеге ие. Оның негізгі міндеті қажетті қосымшаларды жеткізіп беріп отыру. Тапсырма бойынша қандай пішінде темірді кесу керектігі сызбамен көрсетіледі, әрі қарай тәжірибелі маман оны дайындап береді.
– Осыдан 7 жыл бұрын жанұялық кейбір себептерге байланысты Рудный қаласына келіп, комбинатқа жұмысқа орналастым. Мен үшін бұл бөтен кәсіпорын емес, басқа да бөлімшелерінде жақын туыстарым жұмыс істейді. Маған да өз мамандығым бойынша жылжымалы құрамды жөндеу цехына жұмысқа баруға кеңес берді. Қазіргі таңда темір кескіш жабдығында жұмыс істеймін. Өз міндетімді осы бөлімшеде маңызды деп білемін, – дейді «ССКӨБ» АҚ ТЖЖБ ЖҚЖЦ слесарі Василий Рассказов.
Бұл цехта темір кескіш жабдығы біреу-ақ, ескірсе де жұмысқа жарап тұр. Дегенмен, өзіне жараса қиын тұстары бар. Жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында дәл осы жабдықтың жаңасы өткен жыл соңында сатып алынған және бүгінгі таңда тиімді тұстары бағалануда. Жаңа темір кескіш жабдық орнатылғанда оның тізгінін Василий Рассказов секілді шебер маман қолға алары сөзсіз.
– Бұл жабдық 2 миллиметрден бастап қалыңдығы 30 милиметрге дейінгі темір табақтарды кесуге қауқарлы. Сіз көріп тұрған жабдық ескіргендіктен біраз қиындықтар бар. Сызғышты қолымызға алып өлшеп тұрамыз. Ал жаңасында лазерлі жарық өзі өлшеп, дәл кесуге мүмкіндік береді, – дейді Василий Василийұлы.
Жылжымалы құрамды жөндеу жұмыстарымен айналысатын ұжым бригадирі өлшемдер жазылған қағазды кейіпкерімізге ұсынады. Соң темір табақтарға оның сызбасы түсіріліп, кесуге дайындалады. Осылайша жылжымалы құрамды жөндеу және вагондар учаскесіне керекті қосалқы бөлшектер дайындалады. Енді бұл жұмыстар жуырда су жаңа жабдықта амалға асырылатын болады.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив