Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» АЛТЫН ҰЯҒА 80 ЖЫЛ

АЛТЫН ҰЯҒА 80 ЖЫЛ

03.05.20
Автор: magnetit
Просмотров: 303
Комментариев: 0

Алтын ұяға 80 жыл

Колледждің тарихы сонау 1940 жылдан бастау алады. Қостанай облыстық еңбекші депутаттар кеңесінің атқарушы комитетінің шешімімен революцияға дейін Ыбырай Алтынсариннің бастамасымен ашылып, орыс-қырғыз училищесі деп аталған Боровской қазақ орта мектебінің базасында Меңдіқара педучилищесі ашылды. Алғашқы директоры Нұрмұхамбет Қаражігітов оқу ордасын 1940-50 жылдары басқарыпты. Ұлы Отан соғысының отты күндеріне қарамай,1942 жылы оқу орны алғашқы 33 түлекті оқытып шығарды.  1949 жылы Меңдіқара қазақ педучилищесіне Ы.Алтынсариннің есімі берілді. Оны  Жұмағали Даненов 1950-53 жылдары, Василий Макотченко 1953-64 жылдары басқарса, 1964 жылы Игорь Струтовский басқарып, оқу орынының 1974 жылы  Рудный қаласына көшіріліп, оның атауы Рудный педагогикалық училищесі деп аталуын жүзеге асырды. 80 жылдық тарихы бар оқу ордасынан академиктер Манаш Қозыбаев, Оразақ Исмағұлов, филололгия ғылымының докторы Сапарғали Омарбеков, тарих ғылымының докторы Әзірхан Жұмасұлтанов, профессорлар Р.Меңдекенова, С.Мырзалы бастаған ғалымдар, Социалистік еңбек ері, ұстаз Нина Полтавец, Муса Шожанов,Қабыкен Кенжеахметов, Күлжихан Айдаралиева,Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ғазиза Жұмекенова сияқты көптеген танымал тұлғалар білім алып шыққан. Алтын ұяның биылғы мерейтойы қарсаңында, колледж қабырғасында осы кісілер мен білім мекемесінің басқа да түлектеріне, ұстаздарына арнап арнайы мұражай ашылғалы отыр.

Колледжің 80 жылдығы,осы білім ордасын 1976-2000 жылдар аралығында басқарған, ұрпақ тәрбиелеу ісінде айрықша орны бар азаматтардың бірі, халық ағарту ісінің озаты, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Рудный қаласының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Досмағұл Еслямұлы Сүймековтың да 80 жасқа толуымен қатар келіп отыр. Ол еңбек еткен жылдары оқу орнының материалдық-техникалық базасы жақсарып, колледж тарихы мен В.А.Сухомлинскийге арналған 2 мұражай ашылды. Қазақ жастарының досы әрі жанашыры болып, көптеген танымал шәкірттерін тәрбиелеп өсірген Досмағұл Еслямұлына арнайы мұражай кабинеті және ескерткіш тақта орнатылатын болады. Оқу орынын 2000-2012 жылдары  Айғанша Бисембаева басқарды. «Мерейлі 80 жылдықтың шеңберінде жылдың басынан бастап біраз іс-шараларды өткізу жоспарланған еді. Бірақ әлемде болып жатқан оқиғалар бұл жоспарымызға өзінің өзгерістерін енгізді. Кейбір концерттік, мәдени-танымдық шараларымызды кейінге қалдырдық. Алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі конференция өткізу жоспарда бар. Бұнымен қоса тарихы терең колледждің 1940 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі барлық мұрағаттық деректерін іздеп, тарихшылардың, ғалымдардың көмегімен 2 томдық кітап шығарғалы отырмыз. Сонау 70-ші жылдары  «Ыбырай Алтынсарин атындағы педучилище тарихы» және В.А. Сухомлинскийдің алғашқы мұражай- бөлмелері ашылды. Осы мұражайлармен ғана шектеліп қалмай, білім ордасының мерейтойына арнап жаңа форматтағы, жаңа дизайндағы, колледждің тарихында қалатын жаңа мұражайды ашқалы отырмыз. Оған бүгінгі күнге дейін жиналған барлық тарихи деректер мен білім ордасында оқыған танымал тұлғалар жайлы мағлұматтар кіретін болады» дейді колледждің жетінші директоры Жомарт Қоңырбайұлы.

Бүгінгі күні Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжде студенттердің сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Оқу кабинеттері жаңартылып, оқу-әдістемелік құралдары да жеткілікті. Сонымен қатар жастардың спортпен шұғылдануы үшін қажетті жаттығу құралдары да бар. Арнайы жиындар өткізіп, конференциялар ұйымдастыру үшін білім ордасының конференц залы да жаңартылу үстінде. Ұстаздар жаңа оқу жылында өз студенттерін осындай жаңашылдықтарымен қарсы алмақ.

 

 

Ерғали УБАЙДУЛЛАЕВ

Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив