Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
28-06-2022, 16:03
351
0
27-06-2022, 12:53
462
0
» Студенттер кәсіптік сайыста сыналды

Студенттер кәсіптік сайыста сыналды

23.05.22
Автор: magnetit
Просмотров: 1 148
Комментариев: 0




    Рудный құрылыс және көлік колледжі осы аптада кәсіптік сайыс алаңына айналып, «World Skills-2022» Ұлттық чемпионаттың аймақтық кезеңін өткізді. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінде ұйымдастырылған сайыс болашақ слесарлар арасында өтіп, оған облыстағы 10 колледждің студенттері қатысты.


    World Skills – кәсіптік және техникалық  бағытта білім алып жатқан студенттер үшін өз мамандықтары бойынша шеберліктерін көрсетіп, осылайша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде үздік атануға мүмкіндік беретін ауқымды жоба.  Дәстүрге сәйкес жыл сайын ұйымдастырылатын сайыстың аймақтық кезеңдері облыстағы барлық орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда өткізіліп, әртүрлі мамандықтарды қамтиды. Биылғы аймақтық кезең 42 мамандықты қамтып, облыстағы 13 оқу орындарында өтіп жатқан болса, Рудныйдағы құрылыс және көлік колледжі болашақ слесарларды сынау алаңына айналды.

     – Өткен жылы Қостанай облысының құрамасы «World Skills» ұлттық чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, 12 медаль және 8 медальон жеңіп алды. Бұл, өңірдегі кадрларды дайындау ісінің жоғары деңгейге жүргізіліп жатқандығын дәлелдейді. Білім және ғылым министрлігі тарапынан да техникалық мамандарды дайындау сапасына үлкен көңіл бөлініп жатыр. Биыл «Жас маман» атты ауқымды жоба іске қосылып, соның арқасында облыстағы 10 колледжге 3 миллиард теңгенің оқу құралдары сатып алынды. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің материалдық базасы студенттерді дайындау жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге мүмкіндік берді, – дейді облыстық білім басқармасының ТжКБ әдіскері Қанағат Әлекешова. 

     Қалалар мен аудандардан келген студенттер үшін Рудный құрылыс және көлік колледжінің халықаралық стандарттарға сай келетін сайыс алаңы ұйымдастырылып қойылған. «Слесарлық іс» құзыреттілігі бойынша сынға түскендер үшін дайындалған тапсырмалар да талаптарға сай күрделендірілген. Биылғы тапсырма бойынша сайыс қатысушыларына сызбалар беріліп, слесардың құрал-саймандарына арналған қаңылтыр шкафты жасау ұсынылды.

     – Биылғы аймақтық кезең 42 құзыреттілікті қамтып, конкурстардың негізгі бөлігі облыс орталығында өтіп жатыр. Біздің мекеме қабырғасында мұндай сайыс осымен 6-шы рет ұйымдастырылып, қатысушы колледждер саны да артып келеді. Слесарлармен қоса, алдағы уақытта токарлар мен фрезершілерді де қамтуды көздеп отырмыз. Тапсырмалардың барлығы тәжірибелі ұстаздармен, оқыту шеберлерімен дайындалып, әркез күрделендіріліп отырады. Ең бастысы, тапсырманың практикалық пайдасы болу керек, – дейді Рудный құрылыс және көлік колледжінің директоры Аманжол Сағынаев.

     Өңірдің түпкір-түпкірінен келген қонақтар үшін колледж қабырғасында өткен жылғы конкурс жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылған. Мекеме өкілдерінің айтуынша, бұның барлығы студенттерге шабыт беру мақсатымен дайындалған. «World Skills» аймақтық кезеңі 26 мамырда аяқталса, жеңімпаздарды марапаттау 27 мамыр күні облыс орталығында болып өтпек. Айтып өтейік, облыстық сайыстан республикаға өтіп, ел бойынша үздік атанғандар биыл Қытайдың Шанхай қаласында өтетін халықаралық чемпионатқа жолдама алмақ. 
 
Ерғали Убайдуллаев


Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив