Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Салық төлеу - міндет

Салық төлеу - міндет

07.06.22
Автор: magnetit
Просмотров: 695
Комментариев: 1

 




    Көлік салығын төлемесеңіз, көліктен немесе мүліктен қағыласыз. Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары 2021 жылғы салық төлемін жасамаған азаматтарға ескерту жасап, өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын жеке сот орындаушыларға тапсыратынын айтты. Бүгінгі күні қала бойынша, әзірге, 50 тұрғынға қатысты құжат дайындалып, әрі қарай мүлкін тәркілеуге негіз болмақ.


    2021 жылдың қорытындысына сәйкес азаматтардың көлік салығы бойынша мемлекет алдындағы берешегі Рудный қаласында  62 миллион теңгеге жеткен. Тиісті төлем жасау осы жылдың 1-ші сәуіріне дейін болып белгіленгенімен, көлік иелері қарызын өтеуге асығар емес. Мемлекеттік кірістер басқармасының дерегі бойынша, осы уақытқа дейін үш жарым мыңға жуық азамат тиісті мүлігі бойынша өз міндетін орындамаған.

    – 2022 жылдың 1-ші сәуірінде жеке тұлғалар үшін өткен жылғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталды. Мінекей, мамыр айы да өтіп, борышкерлер салық төлеуге асығар емес. Мемлекет қазынасына түсім түспеуі, әлеуметтік бағдарламаларды орындауға кері әсерін тигізеді, – дейді Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Уәлихан Үкенов.

    Бүгінгі таңда көлік салығын уақытылы төлемегендердің басым бөлігіне талап құжаты жасалып, өсімпұлы қосылған берешегін өтеу үшін 30 жұмыс күні берілген. Аталған ескертуге құлақ аспайтындарға қатаң шара қолданбақ. Егер осы мерзімге дейін борышкер берешегін өтемейтін болса, мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары салықтық бұйрығын жасап, қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына жүгінбек. 

    – Салықтың төленбеуі жайында өндірістік іс қозғалғаннан кейін, сот орындаушы борышкердің барлық шоттарына тыйым салады. Осындай жағдайда мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары полиция, сот орындаушылармен бірге арнайы рейдтік іс-шараларды жүргізіп, қарызы бар азаматтардың көлік құралдарын тәркілеп, айып тұрағына қояды. Содан кейін бұл көліктер қарызды өтеу үшін сатылатын болады. Көліктен басқа борышкерлердің басқа да мүліктері тәркіленуі мүмкін, – дейді салық органының бас маманы. 

     Салық төлемдері бойынша берешектің бар-жоғын мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «Е-Салық Азамат» мобильді қосымшасынан білуге болады. Дәл сол жерде меншіктегі көліктің салық сомасын есептеп, қажет болған жағдайда төлем жасауға да болады. Салық төлемдері сондай-ақ терминалдан, екінші деңгейлі банктен және «Қазпошта» бөлімшелерінен қабылданады. Егер осы мәселе бойынша қандай да бір сұрақтарыңыз болса, мамандар Парк көшесі 14 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуге кеңес береді.   
 
Ерғали Убайдуллаев


Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (1)
  1. OFF
    muha.sruha 6 декабря 2022 15:38
    Любишь кататься, люби и саночки возить
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив