Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
15-08-2022, 11:45
490
0
» Өндіріс озатына марапат

Өндіріс озатына марапат

27.06.22
Автор: magnetit
Просмотров: 993
Комментариев: 0




    «ССКӨБ» АҚ-ның әрбір бөлімшелерінде тұрған «Құрмет тақтасы» өндірістік жоспардың орындалуына сүбелі үлес қосып жүрген жұмысшыларды ынталандырудың негізгі құралдарының бірі. Жылына екі рет жаңа есімдермен толығып отыратын ол, жұмысшыларды шабыттандырып, жаңа белестерді еңсеруге күш-қуат беретіні сөзсіз. Бөлімшелер мен цехтардағы «Құрмет тақталары» биыл да жаңарып, озат жұмысшылар қатары көбейді. Солардың арасында өнеркәсіптік кешенде еңбек ететін жас маман Медет Сайылбеков та бар.


   Шекемтас өндіру цехының күйдіру учаскесінде еңбек ететін Медет Сайылбеков Рудный қаласындағы тау-кен технологиялық колледжінің түлегі. Энергетика саласын таңдаған жас маман 2017 жылы білім ордасын тәмамдаған соң, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Әскерден алған білімі мен біліктілігі Медетті құқық қорғау саласына жетелеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосуға шешім қабылдайды. Осылайша, 2020 жылға дейін кейіпкеріміз полиция қатарында еңбек еткенін айтады.


   - Рудныйдың полиция басқармасында 2 жыл бойы жұмыс істедім. Күндіз-түні қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қызметте болып, кез келген жағдайларға дайын тұрдық. Дегенмен, жүрек қалауы бойынша өз өмірімді өндіріспен байланыстыруды жөн көріп, колледжде алған мамандығыммен «ССКӨБ» АҚ-на келдім. Ең алдымен бұл жердің жұмыс жағдайлары мен төленетін еңбекақысы қызықтырды, - дейді Медет Ембергенұлы.


   Цехтың күйдіру учаскесінде кейіпкеріміз электрик қызметін атқарады. Оның жұмыстық міндеттері шикізатты күйдіру процесінде қолданылатын жабдықтарды жөндеу, жарық желілерін қалыпқа келтіру, ауысым бастығының наряд-тапсырмасы бойынша авариялық жағдайларды жоюдан құралады. Бастапқыда бұның барлығы Медетке күрделі болып көрінгенімен, мұндағы тәжірибелі мамандар жас жігіттің өндіріске тез араласуына барынша көмектесіпті.


   - Біздің қызметте өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелерін сақтауға үлкен көңіл бөлінеді. Сондықтан, жұмысқа кірісу алдында жеке қорғаныс құралдарының барлығын қолдануды ұмытпай, жұмыс жоспарымен танысамыз. Тәжірибелі мамандардың арқасында жұмыс процесін аз уақыттың ішінде меңгеріп алдым. Әлі де сол азаматтардан үйренерім бар деп есептеймін, - дейді цехтың электрик маманы.


   Медет Ембергенұлының әскери тәртібі мен жауапкершілігі бүгінгі жұмысында жемісін берді. Биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, өндірістік жоспардың орындалуына үлес қосып, өз міндетін жоғары деңгейде атқарғаны үшін кейіпкеріміз цехтың «Құрмет тақтасына» ұсынылған. Бұл хабарды жас жігіт қуанышпен қарсы алғанын жасырмады.


   - Бұл марапат мені алдағы жұмысыма ынталандырады. Отбасыма, туған туыстарыма да үлкен абырой деп есептеймін. «ССКӨБ» АҚ біздей жас мамандарды үнемі қолдап, жаңа білім алып, жаңа жетістіктерге жетуге барлық мүмкіндіктерді жаратып қойған. Мәнсап баспалдағы бойынша көтерілуге де мүмкіндік бар, - дейді Медет Сайылбеков.


   2020 жылы отбасын құрған кейіпкеріміз бүгінде бір баланың әкесі атанған. Жұмыстан бос уақытын осы жанұясына арнап, спортпен шұғылдануды да ұмытпайды. Өз болашағына сеніммен қарайтын жас жігіт өндірісте үлкен жетістіктерге жетуді мақсат етіп қойған. Ол үшін жоғары оқу орнына түсіп, таңдаған мамандығы бойынша сырттай білім алып жатқанын айтады. Бағыттан шегінбейтін осындай жастарды кен алыбы да әрқашан қолдайды.


Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив