Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
3-10-2022, 11:13
750
0
3-10-2022, 11:09
595
0
3-10-2022, 10:50
620
0
» Зағип жандарға компьютер үйретілуде

Зағип жандарға компьютер үйретілуде

05.07.22
Автор: magnetit
Просмотров: 1 134
Комментариев: 0



 

     Қаламыздағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Бақыт бізде» атты қоғамдық қорының қолдауымен, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға араластыру мақсатында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға белсене атсалысуда. Олардың айтуынша, 400-ден аса рудныйлық зағип жанның барлығы үшін «ЛИК» оқу орталығының есігі әрқашан ашық.

     – Баршамызға белгілі, адам қоршаған ортадағы ақпараттың дерлік 90 пайызын көзі арқылы қабылдайды. Енді көзі көрмейтін зағип жандардың жағдайы бұл тұғыда әлдеқайда ауыр екенін елестетіп көріңіздер. Әлемді тануы үшін, ақпарат алу және бөлісу үшін бүгінгі таңда ақпарат технологиясының рөлі аса жоғары. Бұл ұйымдастырылған курсқа қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мұрындық болып отыр. Оның негізінде көзі көрмейтін азаматтарға компьютер тілін үйрету қолға алынды. Бұл жоба «Бақыт бізде» атты қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асып отыр, – дейді жоба кеңесшісі Ирина Федорчук.

     Үйрену барысы қарапайым пернетақтамен танысудан бас-талады. Себебі, тінтуірден көзі көретіндер ғана пайдалана алатыны белгілі. Ал зағип жандар, пернетақта немесе дыбысты нұсқаулықты қолданады. Әрі қарай, компьтерді қалай қосып, сөндіру, негізгі бөліктерімен танысу, операциялық жүйелерді орындау, оффистік пакеттен пайдалану, жазу, сызу, жаңа папка ашу, өшіру, қайта қалпына келтіру секілді қарапайым іс-әрекеттер орындала береді.

     – Біз үшін бұл жоба өте маңызды. Себебі, зағип жандарға компьютер үйретуді игі іс деп санаймыз. Бір жағынан бұл жоба біз үшін өте қиын әрі күрделі жоба деген болар едім. Себебі, біз бұрын мұндай оқытумен айналыспағанбыз. Білікті оқытушылармен кеңесе отырып, бір әдіске тоқталдық. Мен тақырыпты өз әлімше ашып, түсіндіріп беремін, менің жанымдағы көмекшім оны қалай қолдану керек екенін үйретеді. Көмекшімнің өзі де зағип жан, ол бұл курсты толық үйреніп шыққан. Оның қалай үйренгені, қолданған әдістері бізге қол келуде. Қазірдің өзінде қатысушылар көп нәрсе үйренді. Менің ойымша, оқыту соңында ерекше нәтижелерге қол жеткіземіз, – дейді «ЛИК» оқыту орталығының директоры Сергей Логвиненко.

     Оқытулар 1 маусымда басталды. Бұл әзірге пилоттық жоба. Оқытуға қатысамын деушілер саны күн сайын артуда. Себебі, бұл оқытуға кез келген жастағы зағип жандар қатыса алады, әрі тегін.

     – Маған өте ұнайды. Мен бұл оқытуға екінші рет қатысып отырмын. Көп нәрсені үйрендім, әрі қарай үйрене бергім келеді. Компьтер – заман талабы, оны қолдануды үйренуге баршаға кеңес беремін. Толған ақпарат көзі. Менің көзім көрмесе де, ән тыңдаймын, аудио кітаптармен танысамын, әртүрлі тағам түрлерін дайындауды үйренемін, – дейді курс қатысушысы Балдырған Ідірісова.

      Аптасына 3 күн, 2 сағаттан оқыту ұйымдастырылады. Оқыту бағдарламасы 30 сағатқа бөлінген. Жалпы оқытуды аяқтау, олардың білім деңгейін байқау, марапаттау, бір сөзбен айтқанда пилоттық жобаның мәресіне жету шамамен шілде айының ортасына жоспарланған.

      – Бұл оқытуға 17 рудныйлық зағип жан қатысып отыр. Жобаның бастау алуы да бізге оңайға соққан жоқ. Қаламызда ресми тіркелген 400-ден аса зағип жанның әрбірімен сөйлесу, оқыту жайлы түсініктеме берудің өзі үлкен күш-жігерді талап етті. Нәтижеде 17 адамнан құлшыныс байқадық. Оларға қолайлылық тудыру мақсатында 5-6 адамнан бірнеше топқа бөліп, оларға ыңғайлы уақытты таңдап, оқыту кестесін жасадық, – дейді жоба кеңесшісі Ирина Неживых.

      Оқыту аяқталған соң, ұйымдастырушылар бір шешімге келеді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажеттілігіне қарап оқытуды жалғастыруға дайын. Қазірге алдымен сауалнама жүргізу арқылы оқытудың тиімділігін анықтап, олқылықтардың орнын толтырып, әрі қарай қажеттілік бола ма, жоқ па соны білу ғана қалып тұр. Егер қалаушылар болса оқыту әдістемесін одан әрі жетілдіріп, кез келген рудныйлық зағип жанға ақпараттық технологиялардың қыр-сырын үйретуге мамандар сақадай сай.

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ


Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив