Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
3-10-2022, 11:13
750
0
3-10-2022, 11:09
595
0
3-10-2022, 10:50
620
0
» Жандос Шайхалиев: «ССКӨБ – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіпорын!»

Жандос Шайхалиев: «ССКӨБ – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіпорын!»

05.07.22
Автор: magnetit
Просмотров: 1 106
Комментариев: 0



 

     Қазақ елі өз егемендігін алғаннан кейін барша қандастарды өз бауырына шақырып, шетелдегі қазақтардың елге оралуларына үлкен мүмкіндіктер жаратты. Тарихи Отанға қоныс аударғандардың басым көпшілігі Өзбекстаннан келгені белгілі. Оның ішінде кенге бай өлке Тауелібай өңірін мекендеген қазақтардың көбісі өндіріске бейім болған соң, Рудный қаласына қоныс аударған. Солардың бірі Шайхалиевтер отбасы.

     Жандос Шайхалиев 2012 жылы кеншілер қаласына қоныс аударғанда, енді мектепті бітірген жас түлек болатын. Қаламыздағы кадрларды оқытып даярлау орталығында арнайы курстан өтіп, кәсіптік тәжірибе жинаған соң, ССКӨБ қызметкерлері қатарына іліккен. Содан бері өндіріс кешеніндегі шекемтас өндіру цехының жүк көтеру учаскесінде слесарь-жөндеуші болып жұмыс істеп келеді.

     – Жұмысқа келгенде кәсіптік білімім болғанымен тәжірибем аз еді. Мұндағы әріптестеріме рақмет, үнемі білгенін үйретіп мені шыңдады. Соңғы 10 жыл бойы слесарь-жөндеуші болып келемін. Жұмысымыз кейде ауыр, кейде жеңіл, жалпы авариялық жағдайларға байланысты болады. Бригадада 10-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Олар жөндеушілер, дәнекерлеушілер, электрослесарьлер, қоймашы мен шеберлер. Жалпы түрлі мамандық иесі болсақ та жұмыла жұмыс алып барамыз, – дейді Жандос Шамшадинұлы.

    Жандос жұмыс істеп жүріп біліктілігін асыру мақсатында политехникалық колледжді оқып бітірген. Енді тиісті білімі мен тәжірибесінің арқасында кейде электромеханиктің де уақытша міндетін атқарып тұрады. Бұл кадрлар резервінің толығуын білдіреді. Осы секілді мүмкіндіктердің бар екеніне кейіпкеріміз дән риза.

     – Еуразиялық топ – елімізде ғана емес, сонымен қатар әлемдік еңбек нарығында да ең бәсекеге қабілетті компаниялар қатарында. Ал, «ССКӨБ» АҚ оның құрамындағы құнды кәсіпорындардың бірі. Төленетін еңбекақысы жоғары, жеке сауықтандыру орталықтары бар, әлеуметтік сала болсын, спорттық сала болсын, жан-жақты дамыған бірлестік. Бір сөзбен айтқанда әрбір қызметкері қадірлі. Сол үшін де болашағымды осы кәсіпорынмен байланыстырға-ныма қуаныштымын, – дейді жас маман.

     Жандос Шамшадинұлының ертеңгі күнге жоспарлап қойған бағыты айқын. Жоғары білім алып, мәнсап жолында өсе беруді алдына мақсат етіп қойған. Ол күн де алыс емес секілді. Үлгілі қызметкерлер қатарында құрмет тақтасынан көрінуі оның өсуге деген алғашқы қадамы іспетті.

     Кейіпкеріміз екі жыл алдын отбасын құрған. Әулетті жалғастырар Рамазан есімді ұлы бар. Жандос бос уақытын сол отбасымен бірге өткізгенді ұнатады екен. Ол ұлының көз алдында үлгілі әке болып, кенге толы өлкенің бай тарихын одан әрі құнды етуге өз еңбегімен үлес қосуға ниетті. Себебі, болашақ – бүгіннен басталады!

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ

 

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив