Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
3-10-2022, 11:13
750
0
3-10-2022, 11:09
595
0
3-10-2022, 10:50
620
0
» Шеберлікті шыңдайтын сайыс

Шеберлікті шыңдайтын сайыс

05.07.22
Автор: magnetit
Просмотров: 1 224
Комментариев: 0

 



     Көлік кешеніне қарасты Жол шаруашылығы және құрылыстар цехында кезекті кәсіптік сайыс өтіп, бұл жолы цехтың жол жөндеушілері үздік атағын сарапқа салды. Сайысқа цехтың әрбір учаскесінен 5 команда қатысып, әрқайсысында 3 жұмысшыдан бар. Шеберлікті шыңдайтын кәсіптік сайыс 2 кезеңнен құралды.


      «ССКӨБ» АҚ-да өтетін кәсіптік сайыстар жұмысшының жұмыстық тәжірибесін жетілдіріп қана қоймай, еңбек адамының беделін арттыруды көздейді. Кәсіпорын құрылғалы бері әртүрлі бригадалар арасында өткізіліп тұратын сайыстың шеңбері де кеңейіп, бірлестікте еңбек ететін барлық кәсіп иелері арасында ұдайы өткізіліп тұрады. Жол шаруашылығы және құрылыстар цехында өткізілген кезекті сайыс жергілікті жол жөндеушілердің басын қосып, цехтың 15 жұмысшысы бағын сынап көруге мүмкіндік алды. Конкурстың бірінші кезеңінде қатысушылар жол жөндеуші мамандығының негізгі міндеттерін, қауіпсіздік ережелерін және теміржол саласына қатысты басқа да тақырыптарды қамтитын тест сұрақтарына жауап берсе, сайыстың екінші кезеңі жол жөндеушінің күнделікті атқаратын практикалық тапсырмадан құралды.

      – Конкурстың мақсаты – бірлестіктің белсенді жұмысшылары арасында кәсібін жақсы білетін азаматтарды анықтау, тәжірибесін арттыру, жастар арасында жол жөндеуші мамандығының беделін арттыру, сондай-ақ, «ССКӨБ» АҚ қауіпсіз еңбек дәстүрін қалыптастыру болып табылады. Сайыстың теориялық бөлігі 30 тест сұрақтарынан құралады және оған жауап беру үшін қатысушыларға 30 минут уақыт беріледі.

      Тәжірибелік тапсырмада сайысқа қатысушылар балға, шеге суырғыш және өлшеуіш құралын пайдаланып, ағаш шпалдарға теміржол рельстерін монтаждаумен шұғылданады, – дейді «ССКӨБ» АҚ көлік кешенінің жастар кеңесінің төрағасы Александр Лунев.
Бірлестік әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы да мұндай кәсіптік сайыстарын үнемі қолдап, демеушілік көрсетіп тұрады. Сайыс жеңімпаздары үшін алғыс хаттармен қоса сыйлық ретінде қажетті тұрмыстық техникалар да дайындалып қойылған. Қазылар алқасының құрамында болған цехтың кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Бугаенконың айтуынша, барлық қатысушылар жоғары біліктілігін көрсете білді.

       – Тәжірибелік тапсырманы барлығы жақсы деген бағаға орындап шықты. Дегенмен кейбір ескертулер де болып, бір-екі қатысушы шпалға рельс тігу стандартын сақтаған жоқ. Осындай сайыстар арқылы жұмысшылар қателерін ескеріп, тәжірибе жинақтайтын болады деп есептейін. Ең бастысы – сайыс барысында ешбір жұмысшы қауіпсіздік техникасын бұзған жоқ, – дейді цехтың кәсіподақ комитетінің төрайымы.

       Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасы бірінші орынды Рустам Балаев, Нұршат Өтегенов және Аманжол Каренов еңбек ететін Соколов жолды пайдалану учаскесіне берді. 2-ші орын Күрделі құрылыс және жөндеу учаскесіне бұйырып, Жарбол Бойков, Қайрат Қалмешов және Мейірхан Садуллаев жүлдегер атанды. 3-ші орын Сарыбай жолды пайдалану учаскесінде еңбек ететін Ғабит Вакиев, Алексей Шейнога және Бірлік Айдын бригадасына берілді.

     Ұйымдастырушылардың айтуынша, ендігі кәсіптік сайыстар цехтың жол машиналарының машинистері, слесарь мамандар мен электромонтерлер арасында өткізілмек.

Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив