Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Жоспарға сай жаңарту

Жоспарға сай жаңарту

03.05.20
Автор: magnetit
Просмотров: 273
Комментариев: 0

Жоспарға сай жаңарту


Бірнеше бағыттағы теміржол келіп бір жерде қиылысып, әрі қарай фабрикаға жалғасады. Бірлестік негізгі кенді де осы жол арқылы алып өтеді. Оны жаңарту жұмыстарына бір топ жұмысшылардан құралған бригада жұмылдырылды.

Темірді тозбайды дерсіз, бірақ оның да мүжіліп бітетін кезі болады. Дегенмен, бірлестіктегі жоспарлы жұмысқа сәйкес мамандар теміржолдардың сынғанша сырын сақтап отырмай, уақытылы жаңартуды дәстүрге айналдырған. Бұл жылы кен тасымалдайтын теміржол, ССКӨБ-тің жол шаруашылығы және құрылыстар цехы тұсындағы Рудный бекетінің бағыттамалы бұрмасын жаңарту қолға алынған.

– Бұл учаскеде кешенді механикалық бригада жұмыс істеуде. Құрамында 10 адам бар. Бірнеше техниканы жұмылдырдық. Рельс пен белдемшелерді техникамен тасысақ, жөндеу бригадасы ескісін қазып алу, жаңасын орнату, оларды өлшеу, бағыттау және бекіту жұмыстарымен айналысуда. Әрине, қызметкерлердің қауіпсіздігі басты назарда. Сапалы жұмыс жүргізу үшін барлық қажеттіліктер бар, – дейді «ССКӨБ» АҚ АК ЖШжҚЦ Соколов учаскесі бағытындағы жол шебері Қуанышбай Молдахметов.

Соколов кенішінен және Қашардан алып келінетін кенді осы жолдан алып өтеді екен. Әртүрлі жолдан келген вагондарды тиісті жерге жіберу үшін бағыттамалы бұрмалардан пайдаланылады. Олардың жұмыс істеуін миллиметріне дейін нақтау керек, кері жағдайда салдары вагондардың қозғалысына кедергі келтірері сөзсіз. Жөндеу және жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан сәтте, яғни жұмыстар аяқталғанша вагон тиеген электровоздар қосымша жолдан фабрикаға кенді алып өтуде.

– Жөндеу бригадасы сағат 9 да жұмыс бастады, ауысым соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз. 1 бағыттамалы бұрма және 50 метр теміржолды ауыстыру жоспарланған, – деді Қуанышбай Молдахметов.

Бөлімше басшылығының айтуынша биылғы жылы жоспарлы түрде жөндеу жұмыстары жүргізіліліп отырады. Себебі, кен тасымалданатын теміржол кәсіпорынның тамыры секілді маңызды. Өндіріс қарқынын арттыруда және жоспарлы жұмыстарды үздіксіз орындауда жарамды жолдардың маңызы зор.

 

 

Жарасқан НҰРЫБАЕВ

Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив