Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Кеніштегі сенімді көмекші

Кеніштегі сенімді көмекші

01.08.22
Автор: magnetit
Просмотров: 1 150
Комментариев: 0

 


 

   «ССКӨБ» АҚ қызметкерлері жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолғабыс ететін тағы бір техникаға ие болды. «Тірек тасығыш» деп аталатын көмекші, кәсіпорын кеніштеріндегі электр тарату желілерінің тіректерін бөлшектеу, құрастыру және тасымалдау жұмыстарына жұмылдырылмақ. Мамандандырылған техника жергілікті кеніштерге қажетті техникалық сипаттамаларына ие болып қана қоймай, ССКӨБ-тің қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына толықтай сәйкес келеді.


   «К701» маркалы арнайы техника негізінен электрик мамандарына арналған көмекші. Кеніштегі жұмысқа жұмылдырылатын ол, күн сайын электр таратушы желілердің тіректерін тасымалдап, өндіріс алаңдарын жарықпен, ток көзімен қамтамасыз етуге көмектеседі.


   – Бірлестіктің инвестициялық бағдарламасы аясында биыл К701 көлігі сатып алынып, тіректерді тасымалдауға жұмылдырылған. 2018 жылы осындай техниканың 2 данасы келіп түскен болатын. Сол уақытта жұмыста сыналып, жақсы нәтиже көрсеткендіктен, биыл тағы бір данасын сатып алу шешімі қабылданды. Техника өте шыдамды әрі мобильді, – дейді бірлестіктің автокөлік цехына қарасты №7 автоколонна бастығының міндетін атқарушы Ізбасар Құсайынов.


   Бүгінде барлық тірек тасығыштардың жұмыс орындары да белгіленіп қойылған. Үш техниканың екеуі Сарыбай және Соколов кеніштеріне жіберілетін болса, біреуі қосалқы жөндеу жұмыстары үшін пайдаланылмақ. Мұндай типтегі техникалар көлемі жағынан шағын болғанымен, ЯМЗ-238 маркалы қозғалтқышының арқасында оның тасығыш күші әлдеқайда жоғары болып, салмағы 3,8 тоннадан 7 тоннаға дейінгі тіректерді көшіруге қауқарлы.


   – Тіректердің іргетасы бетоннан жасалған. Салмағы 4-6 тоннаға дейін жетеді. Олар жоғары вольтті электр желілерін жалғау үшін қолданылады. Техниканың шапшаңдығы мен мобильділігі осындай құрастырылымдарды бір сәтте демонтаждап, қажетті орынға көшіруге мүмкіндік береді, – дейді автоколонна бастығының міндетін атқарушы.


   Көлікте қарастырылған стандартты жабдықтардан бөлек, К 701 техникасының алдыңғы жағында арнайы күреуіші бар. Оңай шешілетін күреуіштің арқасында желі тіректерін тасуға, орналастыруға арналған орындар дайындалып, қыс мезгілінде жүретін жолды қардан тазартуға көмектеседі. Бұдан бөлек, қыстың қаһарлы аязында көлік жұмысын қамтамасыз ету үшін, қозғалтқышын жылытатын құралы да қарастырылған. Көліктің осы артықшылығын жүргізушілердің өздері де ерекше бағалап отыр.


   – Кабинасы қосымша құралдармен беріктендірілген. Яғни, көлік аударылған жағдайда, жүргізушінің өміріне қауіп төнбейді. Алдыңғы терезесі де көлемді болып, берік шыныдан жасалған. Сондай-ақ, бақылау мүмкіндігін арттыру үшін бейнебақылау камералары қарастырылған. Осылардың барлығы қауіпсіздік тұрғысында жоғары бағаға ие. Кабинада орнатылған кондиционердің арқасында жаздың шіліңгір ыстығында жұмыс істеу ыңғайлы болса, қыста арнайы пештері жылытады, – дейді №7 автоколонна тракторшысы Леонид Мялик.


   Жұмысқа қажетті опцияларынан бөлек, аталған техникада жүргізушінің қауіпсіздігін ойлайтын жаңашылдықтары да бар. «Антисон» деп аталатын жүйе түнгі уақыттағы жұмысты орындау барысында жүргізушіні ұйықтап кетуден сақтап, қатты шаршаған кезде арнайы дыбыстық сигнал береді. Техниканың мұндай қасиеті өнеркәсіптік алаңдарда орын алатын авариялар мен жазатайым жағдайларды төмендетуге мүмкіндік береді.


Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив