Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
3-10-2022, 11:13
750
0
3-10-2022, 11:09
595
0
3-10-2022, 10:50
620
0
» Ашық аспан астындағы спортзал

Ашық аспан астындағы спортзал

08.08.22
Автор: magnetit
Просмотров: 1 009
Комментариев: 0

 


 
   Рудный қаласы мереке қарсаңында тағы да бір жаңа нысанмен толықты. Қалалық мәдениет және демалу саябағында тұрғындардың белсенді әрі салауатты демалуы үшін жағдай жаратылып, мұндағы алаңдардың бірі кәсіпқой тренажерлермен толыққан жаттығу орнына айналды. Түбегейлі өзгеріп жатқан жағажаймен бірге жаңа нысан саябақты абаттандыру жобасына енгізіліп, алдағы уақытта гимнастикалық жаттығуға арналған құралдармен толықпақ.


   Бүгінде Рудныйдағы мәдениет және демалу саябағын абаттандыру жұмысы қарқын алып, осы істе қала құрушы ССКӨБ-тің де көмегі зор. Демалушыларға арналған жағажайды қалыпқа келтіріп, қоқыстан тазарту үшін бірлестік тарапынан техникалар мен жұмыс күші бөлініп, ауқымды іс тындырылған. Жағажайдан бөлек, саябақтың ішкі жағы да көрген көзді қуантып, жақында жаңа нысанмен де толықты.


   Бюджеттен бөлінген қаржыға шымкенттік «Pakko Group Company» фирмасы бұл жерде ашық аспан астындағы спортзал ұйымдастырып, заманға сай тренажерлерін орнатты. Оның ашылу салтанатына қала әкімі Қуандық Испергенов, «ССКӨБ» АҚ президенті Валерий Гриненко мен қаламыздың ардагер спортшылары қатысты.


   Рудный қаласының тарихында мұндай нысан алғаш рет пайда болып отыр. Белгілі болғандай, бюджеттен бөлінген 25 миллион теңгеге Қазақстанда жасалған 30 тренажер сатып алынған. Оның 12-сі кәсіпқой спортшылар мен ересек адамдарға арналған күштік тренажер болса, қалған 18 тренажер 12 жастан асқан балалардың жаттығуына арналған.


   – Рудныйдағы саябақта орнатылған тренажерлердің барлығы отандық өнім. Ашық аспан астындағы тренажер алаңын ұйымдастыру үшін бір жарым ай уақыт жұмсап, барлық жұмыс сапалы орындалды. Шеңбер тәріздес жасалған алаңда барлық снарядтар рет-ретімен қойылып, сыртқы жағы қол, иық, кеуде және аяқ бұлшықеттерін дамытатын күштік тренажерлер қойылған болса, шеңбердің ішкі жағындағы құралдар кешенді жаттығуға арналған. Яғни, жастармен қатар бұл жерде үлкен кісілер мен зейнеткерлер де спортпен шұғылдана алады, – дейді «Pakko Group Company» ЖШС директорының орынбасары Наркес Ордабеков.


   Жаңа спорттық алаңның кәдімгі тренажер залдарынан қарағанда артықшылығы болмаса, ешбір кем түспейтіні анық. Жаттығу үшін тұрғындарға абонемент сатып алудың қажеті жоқ. Себебі барлық құралдар спортпен шұғылданамын деушілер үшін тегін ұсынылған. Алдағы уақытта спорт сүйер қауымға ыңғайлы болу үшін әкімдік өкілдері алаңға аспалы шатырын орнатуды көздеп отыр.


   – Жағажайды абаттандыру жұмысы жоспарға сай жүргізіліп, кейбір нысандар мерзімінен бұрын тапсырылып жатыр. Салауатты өмір салтын насихаттап, дені сау ұрпағымызды тәрбиелеп өсіру үшін спорттық алаңдар санын көптеп ұйымдастыру қолға алынған. Енді, мұндай жаңа нысандарға қала тұрғындарының өздері де ұқыпты болып, игілікпен пайдаланса, нұр үстіне нұр болар еді – дейді қала әкімінің орынбасары Азамат Ысқақов.


   Айтып өтейік жақында мәдениет және демалу саябағы салауатты өмір салтын қолдауға арналған тағы да бір нысанмен толығады. ERG тобы мен әкімдіктің «Туған қала» атты бірлескен жобасы аясында, бұл жерде жастар үшін «воркаут» алаңы ұйымдастырылып, гимнастикалық жаттығу құралдарымен толықпақ. Бүгінде алаңға қажетті барлық құралдар жеткізіліп, құрастырылған болса, алдағы уақытта мердігерлер арнайы кілемшесін де төсейміз деп отыр.


Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив