Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
3-10-2022, 11:13
750
0
3-10-2022, 11:09
595
0
3-10-2022, 10:50
620
0
» ТЖБ ескертеді

ТЖБ ескертеді

08.08.22
Автор: magnetit
Просмотров: 996
Комментариев: 0

 



   Тамыз айының басында Қостанай облысында Қарталы-Рудный бағытындағы магистралды газ құбырында жүргізілетін ауқымды жөндеу жұмыстарына байланысты, өңірге таратылатын газ көлемі шектелді. Айдың аяғына дейін жалғасатын жөндеу барысында тұрғындар арнайы резервуарлардың көмегімен көгілдір отынмен қамтамасыз етілгенімен, үйлерге ыстық су беру 25 тамызға дейін тоқтатылып отыр. Төтеншеліктердің айтуынша, осы кезеңде, әсіресе жеке секторларда тұрғындар тарапынан электр аспаптарын пайдалану жағдайлары еселей түсіп, бұл өрт шығу тәуекелін арттырады.


   Уақытша ыңғайсыздық кезінде тұрғындар пештер мен суды қыздыру аппараттарын, тағы басқа электр құралдарын пайдалану барысында әсіресе сақ болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпаған жөн. Осындай кеңесімен жақында Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары кезекті рейдтік іс-шарасын бастап, тұрғындарға таратылатын нұсқаулық парақшаларымен қаруланып алды. Іс-шараның қаладағы жеке сектор үйлерінен басталғаны кездейсоқ емес. Мамандардың айтуынша, жылдың басынан бері қаламызда 32 өрт оқиғасы тіркелген болса, оның тең жартысы дәл осы аумақтарда орын алған.


   – Рудный-Қарталы магистралды газ құбырын күрделі жөндеу кезеңінде, жергілікті Жылу электр орталығының жұмысы тоқтап, айдың аяғына дейін тұрғындар ыстық сумен қамтамасыз етілмейді. Осы уақытта тұрғындар тарапынан электр аспаптарын көптеп пайдалану жағдайлары тіркеліп, күнделікті қажеттіліктері үшін суды пеште, арнайы қыздырғыш құралдарының көмегімен қыздыруды бастайды. Бұл, ток көзін тарататын электр желілеріне салмақ түсіріп, әсіресе жеке үйлердің ескірген желілері қысқа тұйықталуға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, төтеншеліктер осындай рейдтік шарасын бастап, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – дейді Қалалық ТЖБ аға инженері Мақпал Бейсенбаева.


   Төтеншеліктердің ақпараттық жұмысына тұрғындардың өздері де түсіністікпен қарап отыр. Мысалы, қаланың жеке секторында тұратын Сергей Федосеев есімді тұрғынның айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын кезекті тексеріс шарасымен келген төтеншеліктердің кеңесімен үйі мен ауласындағы барлық электр желілерін ауыстырып, көршілерін де қауіпсіздікке шақырған.


   – Мұндай рейдтік шараларын үнемі жүргізіп тұру қажет. Себебі, кейде қауіпсіздікті сақтауды естен шығарып, ұсақ-түйекке назар аудара бермейміз. Жеке сектордағы үйлердің көбісі ағаштан тұрғызылғандықтан, қауіптілік аймағына кіретіні сөзсіз. Ең бастысы электр аспаптары мен пештердің жағдайын бақылап, дұрыс пайдалану қажет, – дейді қала тұрғыны.


   Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары айтқандай, биылдан бастап қауіпсіздік ережелерін сақтауға қатысты бірқатар өзгерістер енгізіліп, бұдан былай көршілес үйлерге тараған өрт оқиғасына кінәлі азаматқа айыппұл салу түріндегі жаза қолданылуы мүмкін. Бұнымен қатар, отты абайсыз пайдаланып, өзгенің дүние-мүлкін жағып жіберген азамат, жәбірленушілерге материалдық шығындарын да өтеуге міндеттеледі.


   – Қаланың жеке секторларында орналасқан үйлерді аралау жұмысы 15 шілдеден басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады. Тұрғындарға ауызша ескертумен қатар, қауіпсіздік ережелерін сақтауға қатысты толық ақпарат жазылған нұсқаулық парақшаларын таратамыз. Бұның барлығы, жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін атқарылып отырған жұмыс, – дейді ТЖБ аға инженері Мақпал Бейсенбаева.


   Бүгінде Рудный қаласында 4 мыңға жуық жеке үй бар болса, төтеншеліктер осы уақытқа дейін 2 мыңға жуығын аралап, түсіндіру жұмысын жүргізген. Рейдтік шара шамамен жыл соңына дейін жалғасып, жылыту маусымына дейін барлық аулалар араланып, ақпараттық жұмыспен қамтылмақ.


Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив