Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
5-12-2022, 15:22
243
1
» Ұстаздар сайысты

Ұстаздар сайысты

03.10.22
Автор: magnetit
Просмотров: 1 058
Комментариев: 0

 



   Рудный қаласында волейбол спорты кеңінен дамыған десек артық айтпағандық. Бүгінде әртүрлі сала мамандарымен қоса, спорттың бұл түріне мектеп қызметкерлері де ерекше қызығушылық білдіруде. Жыл сайын өткізілетін ұстаздар арасындағы сайыстар өткен аптада тағы да бір ауқымды турнирмен толықты. №15 мектеп қабырғасында алғаш рет қала әкімінің кубогы үшін мектеп қызметкерлері арасындағы волейбол турнирі ұйымдастырылып, Рудный қаласы, Қашар және Перцев ауылынан келген 17 команданы біріктірді.


   Волейболға қызығатын жандар үшін №15 мектепте ұйымдастырылған биылғы турнир есте қалатыны сөзсіз. Рудныйдың әкімі Қуандық Испергеновтың бас-тамасы бойынша қаламыздағы мектеп қызметкерлері волейбол спортынан сынға түсіп, бұл сайыс жыл сайынғы дәстүрге айналмақ. Өз сөзінде қала әкімі биылғы турнирдің жерлесіміз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналғанын айтып, оның тәрбиелік маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.


   – Мұндай спорттық сайыстар ең алдымен салауатты өмір салтын қалыптастыруға, халық арасында спортқа деген қызығушылықты жаңғыртуға септігін тигізеді. Бір қуантарлығы – соңғы уақытта жастармен қоса орта буын өкілдері де спортпен шұғылдануға ықылас білдіріп, әртүрлі сайыстарға қатысуға дайын тұрады. Қолжетімді спорт үшін қаламызда әртүрлі спорт алаңдары мен жаттығу орындары жан-жақты ұйымдастырылуда, – деді қала әкімі.


   Мұндай турнир алғаш рет өткізіліп тұрғанына қарамастан, қала әкімінің кубогын жеңіп алуға Рудный қаласы, Қашар және Перцев ауылдарындағы мектептерден 17 команда ниет білдірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, волейбол спорты мектеп оқушыларымен қоса ұстаздар арасында да кеңінен танылғандықтан, турнир қатысушыларының жеткілікті санын жинау еш қиындық туғызбаған. Турнирдің тағы бір ерекшелігі – бұл жолы командалар ерлер және әйелдер болып бөлінбей, бір командаға біріктірілді.


   – Бұдан бұрын біздің ұстаздар кәсіподақ ұйымы мен білім бөлімімен ұйымдастырылып келген турнирге қатысқан болатын. Биыл спорттық шаралар тағы бір дәстүрлі сайыспен толыққаны қуантады. Жалпы Рудный қаласындағы мектеп қызметкерлері бұл спорт түріне ерекше қызығушылық білдіріп, жылдар бойы тәжірибе жинақтап үлгерді. Сондықтан, олар арасында өткізілетін сайыстар үнемі қызықты өтіп, жанкүйерлеріміз де пайда болды. Әкім кубогына арналған турнирге қатысқан әр команда да үш ер азамат және екі әйелден бар, – деді №15 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ғалинұр Бектенов.


   Ұстаздың айтуынша, командалар саны 17 болғандықтан 4 топқа бөлініп, олар арасындағы кездесулер 10, 15 және 18-ші мектептердің спорт залдарында ұйымдастырылған. Әр топтан үздік шыққан 4 команда бас жүлде үшін таласатын болады. Осы турнир қатысушыларының бірі Мәлік Бекқалидің сөзінше, сайысқа жиналған командалар арасында қаланың намысын облыстық сайыстарда жоғары деңгейде қорғап жүргендері де бар.


   – Мен жалпыға білім беретін №19 мектеп атынан қатысып отырмын. Біздің білім мекемесінің командасы қалалық және облыстық сайыстардан үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді. Бүгінгі турнирде мықты қарсыластарымыз да аз емес. Жеңімпазды ойын анықтайды, – дейді дене шынықтыру пәні мұғалімі.


   Үздік шыққан төрт команда арасындағы финалдық ойындар 10-шы мектеп қабырғасында өткізіліп, барлық қатысушылардың жеңіске деген ынтасымен ерекшеленді. Тартысты ойындардың қорытындысы бойынша 4-ші орынды Қашардағы №2 мектеп командасы жеңіп алған болса, кенттегі №1 мектеп ұжымы үздік үштікке ілінді. Кубок үшін өткен финалдық ойын №7 және №13-ші мектеп командалары арасында өтіп, биылғы жылдың кубогы 7-ші гимназия ұжымына бұйырды.


 Ерғали УБАЙДУЛЛАЕВ

Суретті түсірген Елена АРТЕМОВА

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив