Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
5-12-2022, 15:22
243
1
» Қайта жаңарды

Қайта жаңарды

03.10.22
Автор: magnetit
Просмотров: 1 919
Комментариев: 2

 


 
   Күрделі жөндеудің есебінен техникаларды қалпына келтіру тәжірибесі «ССКӨБ» АҚ-да жақсы нәтижесін беріп отыр. Мұндай кезекті жөндеу жақында жергілікті өндірістік алаңда жүргізіліп, теміржол краны түбегейлі қалыпқа келтірілді. Жол шаруашылығы және құрылыстар цехы жұмысшылар жөндеу нәтижесіне дән риза.


   Бірлестіктегі көлік кешенінің жол шаруашылығы және құрылыстар цехындағы бұл техника зауыттан енді ғана құрастырылып шыққандай болып көрінеді. Алайда іс жүзінде теміржол краны 1978 жылы шыққан. Жылдар бойы пайданылып келген техникаға бұдан бұрын да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл уақыты келіп, цех басшылығының шешімі бойынша күрделі жөндеуге жіберіп, бұрынғы жұмыс орнына жаңарып келді. Машинаның негізгі бөлшектерін жаңасына ауыстыру, сыртқы келбетін қалыпқа келтіру ісі Алматыдағы солтүстік көлік компаниясына тапсырылған.


   – Бұл техника теміржолмен жүк тасымалдауға арналған. Теміржол көліктерін күрделі және жоспарлы жөндеу кезінде көмекке келеді. Оған әр 7 жылда күрделі жөндеу жүргізіліп, жарамдылық мерзімі ұзартылады. Негізгі бөлшектері жаңартылды, кран қондырғысы жөнделді, дөңгелектері мен қозғалтқышы да жаңартылды. Жаңа цифрлы жүйелер орнатылған, теміржол кранының жұмыс барысындағы жағдайын анықтап отыруға болады және цифрландырудың арқасында қауіпсіздік шаралары жетілдірілді, – дейді «ССКӨБ» АҚ КК ЖШҚЦ жылжымалы құрамдар депосының бастығы Виктор Иващенко.


   Цифрлы жүйе теміржол кранының көтеруге шамасы келетін жүк салмағын айқындап тұрады, яғни, норманы сақтайды, белгіленген салмақтан артығын алдын ала ескертеді. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл жүйе тепе-теңдікті сақтау мақсатында орнатылған. Ол теміржол краны салмағынан 10 пайыз артық жүк көтермек болғанда, автоматты түрде көтергішті сөндіріп тастайды. Яғни, теміржол кранының салмағы 5 тонна болса, жүк салмағы 5 тонна 500 келіге жетсе, онда кранға зиян келмес үшін бірден дабыл қағады. Бір сөзбен айтқанда, теміржол краны түгелдей заманға сай етілген.


   – Негізгі міндеті – теміржол үстінде қажетті материалдарды тиеу және түсіру болып табылады. Магнитті шайбамен де жұмыс істейді. Ол 6 тоннаға дейінгі салмақты көтеруге қауқарлы. Сонымен қатар ілмекпен жүк көтеру жүйесі де бар. Оны рельс, шпалдарды топтап көтергенде қолданамыз. Одан бөлек шанақ ішінде де электронды жүйе орнатылған. Ол арқылы машинист экранда қанша жүк көтергенін, ара қашықтық, тіректердің жағдайын көріп отырады, – дейді Виктор Иващенко.


   Мамандар бұған дейін қолданыл-ған механикалық жүйеде нақтылық жетіспегенін айтуда. Артық жүк болса, бір қызыл шам ғана жанған. Бірақ, қанша салмақ артып кеткенін, тағы қандай кедергілер болғанын нақты білмеген. Қазіргі таңда машинист үшін жұмыс жеңілдеді және қауіпсіздік одан әрі артты.


   Жалпы цехта осындай 4 техника бар. Барлығы да өндіріс алаңында жұмыс істеп жатыр. Жөндеуден кейін 1 жыл кепілдік беріледі. Осы уақытта техникаға қосымша қызмет көрсету жұмыстарын мердігерлік компания өз мойнына алады. Жаңарған техниканың түсі корпоративтік түске сәйкестендірілген. Енді алдағы 7 жылда тоқтаусыз еңбек етуге теміржол краны дайын.


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ

Суретті түсірген Елена АРТЕМОВА

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (2)
  1. OFF
    Александр Вчера, 11:19
    Капитально отремонтили молодцы!
  2. OFF
    Shol-pan Вчера, 16:15
    Давно надо все починить и привести в порядок! Когда все красиво и работать хочется
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив