Жарқ еткен жарқын бейне
Оған ақынның көзін көрген замандастары Жадыра Құтжанова – Астанадан, Әулиекөлден Абай Қажиев, Арқалықтан Бағила Балмашова мен айтыстың ақтаңгері атанған Айбек Қалиев, Байбатыр Ахметбеков Торғайдан, Мамай Ізтілеу Тобылдан, Әлпия Орманшина, Салтанат Өтелбаева және Марғұлан Оспанов Қостанайдан, рудныйлық Ғалымгерей Кенжеғозиндер арнайы шақырылып, еске алу айтысының ерекше өтуіне өз үлестерін қосты. Сенбі күні айтыс өнерін бағалай білетін құрметті көрермендеріміз «Горняк» кеншілер сарайын лық толтырып, төрт сағат бойы көрікті ой мен сұлу сөздің сиқырына бөленді. Ақындар өнеріне баға беретін қазылар алқасының құрамына: ақын,қаламыздың абыройлы ақсақалы, Қабдолла қажы Ахметжанұлы,журналист, Жарымбетова Нәзира,Рудный қаласының құрметті азаматы, Жантеміров Амантай, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, Сүйінкина Пиалаш,Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің директоры, Жомарт Қоңырбайұлы бекітілді. Алдымен Гүлнәр Қалқаева туралы шағын бейнефильм көрсетіліп, марқұм Қайрат Нұрғазин екеуі жазған «Астанаға арнау» әнін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №19 мектептің ұстазы Әлия Амантайқызы орындап берді.
– Нұрланып жүруші едің жыр жағып-ай, – деп қазақтың айтыс өнерін өзіне серік еткен, ерте кеткен ерке қызының еңбегін ерекше айтып өтті. Өз кезегінде ұстазының үмітін ақтап жүрген Ғалымгерей де: – Есіміңіз естіліп биіктерден, – деп 20 жылдан бері айтыс алаңына шықпаған Әлпия апасына өз разылығын білдірді. Айтыс әр түрлі тақырыпқа сөз толғаған, елдің сөзін қолдаған мазмұнды болып шықты. Екінші кезекте сахна төрінен орын алған Халықаралық, республикалық, облыстық ақындар сайысының лауреаты, ақындық Құтжан атасынан қанмен берілген айтыскер, кезінде «ақбоз атты ару» атанған, ҚР мәдениет саласының үздігі Жадыра Құтжанова мен Тобылдық Мамай Ізтілеу сөз сайысын одан сайын қыздыра түсті. Алдымен амандасып алып, сөз бастаған Мамай ақын: – Шымыр тіл шындық айтып шынықанды, – деп сөз кезегін Жадыра апасына ұсынды. – Ақын мен ақын жұпталады. – деп Жадыра жақсы жырларымен жұртшылық жүрегін баурап алды. Көрермендер асыға күткен Айбек пен Салтанат жұбы нағыз айыз қандыратын, тәлімі мен тағылымы мол тамаша сөз жарысына айналды. Айтыстың ақтаңгері Айбек ақын: Дәл бүгін Сарыбайға құйылып нұр, – деп ақындардың әрқайсына тоқталып, сипаттама беріп өтті. Салтанат Өтелбаева да айбынды ақынның атағынан ықпастан, лайықты қарсылас екенін дәлелдеді. Айтыс аламанында сөз жарыстырған Абай Қажиев пен Бағила Балмашева, жастықтың жалыны лаулаған Байбатыр Ахметбеков пен Марғұлан Оспановтардың өнеріне көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп отырды.
Арман Сәбитбекұлы |
Реклама



Последние новости
3-02-2023, 15:33
365
0
3-02-2023, 15:08
315
0
30-01-2023, 12:48
1 251
1
30-01-2023, 12:46
1 032
0
30-01-2023, 12:42
1 104
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (1)
|
Популярное на сайте
|