Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» QR-кодпен жұмыс жеңіл

QR-кодпен жұмыс жеңіл

12.12.22
Автор: magnetit
Просмотров: 1 492
Комментариев: 0

 



   QR-код әлемнің дамыған елдерінде ғана емес, қазақстандықтардың да кеңінен қолданатын құралға айналды. Олардың көмегімен адамдар төлем жасау, төлем қабылдау, ақпарат алу, сілтеме бойынша өту сияқты кез-келген операцияларды орындай алады. Мемлекеттік кірістер комитеті де осы үрдіске еріп, QR-кодты өз қызметінде пайдалануды жөн көрді. Жақында салық органдарының мамандары кәсіпкерлерді аралап, кассалық аппаратардың жанына осындай QR-паспорттарды орнатуды ұсынды. Соның көмегімен сатушы туралы ақпарат сатып алушыға да қолжетімді болады.


   «Глобус» базары қаламыздағы сауда-саттығы әрдайым қызып тұратын нүктелердің бірі саналады. Азық-түліктен бастап киімдер, маталар мен тұрмысқа қажетті заттардың саудасымен айналысатындардың басым бөлігі бұл жерде жылдар бойы еңбек етіп, нәпақасын тауып жүрген жандар. Базарға келген салық өкілдері бұл жолы тексеріспен емес, ақпараттандыру мақсатын көздейді. Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары саудагерлердің бүгінгі қызметін одан сайын ашық әрі сенімді ету үшін «Визуалды тексеріс» атты республикалық пилоттық жобасын таныстырып, белсенді қатысуға шақырды.


   – QR-код ақпаратты жылдам алу құралы болып саналады. Кәсіпкерлер, яғни салық төлеушілер мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында QR-кодты ашуға өтініш береді. Цифрлық ақпарат құралы берілгеннен кейін оны қағазға басып, кассалық аппараттың жанына ілу керек. Осы арқылы сатушы туралы ақпарат QR-кодты телефонмен сканерлеу жолымен лезде көрсетіліп, салық төлеуші ретіндегі мәртебесін көруге болады, – дейді Рудный қаласы бойынша МКБ бас маманы Дамир Асқаров.


   Мемлекеттік кірістер комитетімен қолға алынған «Визуалды тексеріс» жобасы базарлар мен сауда үйлерінің, дүкендер мен павильондардың, көтерме және бөлшек сауда орталықтарының кәсіпкерлерін ғана қамтиды. Кассалық аппарат жанына ілінген QR-кодтар сатушы туралы ақпаратты беріп қана қоймай, оның салық төлеуші ретінде мәртебесі, бақылау-кассалық аппараты, алкоголь өнімдерін сатуға арналған лицензиясының бар-жоғы туралы мәліметтерді де көрсетеді. Мұндай мүмкіндік салық органдарының да қызметіне үлкен көмегін тигізеді.


   – QR-кодтар салық қызметкерлерінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп отыр. Мамандарымыз тексеріспен келіп, сатушыны кезіктірмеген жағдайда, QR-кодты сканерлеу арқылы қажетті ақпаратқа ие болады, – дейді Дамир Асқаров.


   Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары айтқандай, бүгінде Рудный қаласы бойынша шамамен 6 мыңға жуық ресми тіркелген кәсіпкер бар. Пилоттық жоба басталғалы бері арнайы QR-кодтар 5 мың кәсіпкерге берілген. Дегенмен салық өкілдерінің сөзінше, кейбір саудагерлер QR-кодқа ие болғанымен, оны ашық іліп қоюды жөн санамайды.


   – Базарлар мен дүкендерді аралау барысында QR-кодты алу қажеттілігін айтып қана қоймай, оны міндетті түрде ілу керектігін түсіндіреміз. Мұндай ақпараттандыру жұмысы қаланың басқа сауда орындарында жалғасатын болады, – дейді басқарманың бас маманы.


   Белгілі болғандай, «Визуалды тексеріс» жобасы 2020 жылдың аяғында іске қосылған. Оған қатысу әзірше саудагерлердің өз еркінде болғанымен, қаулы шығарылса, барлық кәсіпкерлерге міндетті болуы да ықтимал.


Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив