Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Тұрғындарға тың ақпарат

Тұрғындарға тың ақпарат

22.05.20
Автор: magnetit
Просмотров: 35
Комментариев: 0

Тұрғындарға тың ақпарат

Өңірдің мемлекеттік мекемелері төтенше жағдай режимінің тоқтатылғанынан кейін жұмыстың бұрынғы режиміне біртіндеп көше бастады. Олардың қатарында Рудный қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасы да бар. Ведомство мамандары әзірше жұмысқа толық кіріспесе де мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан көрсету форматынан біршама алшақтай бастады.


Мемлекеттік кірістер басқармасының қабырғасында өткен брифинг барысында мәлімдеме жасаған ведомство басшысы баяндама басында бұрынғы жұмыс режиміне жартылай ғана кірісе бастағаны туралы айтты. Төтенше жағдай режимінің енгізілгенінен кейін бұл басқарма азаматтарға қашықтықтан қызмет көрсетуге көшкен болатын. Енді міне мамырдың 11-нен бастап елде ресми түрде төтенше жағдайдың алынып тасталғанынан кейін, қалалық салық қызметі жұмыстың бұрынғы форматына қайта оралды, бірақ, жартылай ғана және барлық сақтық шараларын сақтауы тиіс. Сондықтан, арнайы бұйрыққа дейін мемлекеттік кірістер басқармасында «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу» орталығы жұмыс істейтін болады.
– Мемлекеттік кірістер басқармасының ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығының жұмыс режимі сағат 9-дан бастап кешкі алты жарымға дейін. Түскі үзіліс 1-ден екі жарымға дейін. Портал арқылы электрондық түрінде жүзеге асырылған мемлекеттік қызметтерді тек қана электрондық түрінде алуға болады. Электрондық түрінде жүзеге асырылмаған мемлекеттік қызметтерді көрсету, кірістік құжаттарды қабылдауды келесі тәсілдермен жүзеге асыру: электрондық үкімет порталы арқылы, өтінімдерді беру сервисі арқылы. Сондай-ақ басқарма сайты арқылы алдын ала тіркеліп, қызметтерді көрсету орталығына жекелей келуге де болады, – дейді Рудный қ. Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Азамат Кожуков.
Осылайша, электрондық форматта ұсынылмаған қызметтерді арнайы сайтта алдын ала тіркелгеннен кейін басқармаға жекелей келіп алуға болады. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жеңілдік те жасалған. Олар мекемеге алдын ала жазылмай-ақ келе алады. Бұл орайда ғимаратқа кемінде 1 метр қашықтық пен бетперде кию режимін сақтаумен, қызмет көрсететін бос жұмысшы болса ғана кіруге болады. Барлығы салық қызметінің қызметтерді көрсету орталығында келушілердің саны 5 адамнан артық болмауы тиіс. Сондай-ақ қазіргі уақытта өзіне қызмет көрсету терминалдары да уақытша жұмыс істемей тұр. Қызметтердің тізіміне қатысты қала тұрғындары алдымен телефон бойынша кеңесіп алған жөн. Мысалы қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлік қызметінің басталуы туралы хабарлауды қағаз жүзінде жүргізуге болады, ал алкогольді өнімдерді көтерме және бөлшектеп саудалауға арналған лицензия электрондық түрінде беріледі.
– Түсініспеушіліктің болмауы үшін телефон бойынша алдын ала кеңесіп алған жөн. Телефондардың барлығы жұмыс істеп тұр. Бұл ережелер арнайы регламентте жазылмаған, біз өзіміз салық төлеушілеріміздің ыңғайлығы үшін жасадық, төмендегі бірінші қабатта үстел, телефон қойылып, телефон нөмірлері де көрсетілген. Қоңырау шалып барлығын білуге болады. Мамандар түсіп жұмыстайды, – деді бөлім басшысы.
Жалпы мәселелер бойынша мамандар 4-34-03 телефоны бойынша кеңес береді. Сонымен қатар 4-33-93 нөмірі бойынша көлікке, мүлікке, жеке тұлғалардың жеріне арналған салықты есептеу және төлеуге қатысты, сонымен қатар жеке кәсіпкерлік мәселесі бойынша жүгінуге болады. 4-33-83 нөмірі бойынша бюджетке төлемдер бойынша білуге болады. 4-72-36 нөмірін теріп, Сіз салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы біле аласыз. Сондай-ақ бұл желіде тұрғындарға ілеспелі жүкқұжаттар мен камералды бақылау бойынша ақпараттары берілмек. Егер қандай да бір түсінбеушілік туындайтын болса, 4-34-45 телефоны бойынша мекеме басшысының орынбасарына жүгіне аласыз.


Ерғали УБАЙДУЛЛАЕВ
Суретті түсірген
Жарасқан БЕКНАЗАРҰЫ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив