Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Тұншықтырған жертөле

Тұншықтырған жертөле

22.05.20
Автор: magnetit
Просмотров: 30
Комментариев: 0

Тұншықтырған жертөле

Өткен аптада редакциямызға қаламыздағы Корчагин көшесіндегі 107-ші үйдің тұрғындары хабарласып, жертөледен шығатын сасық иістің мазасыздандырып жатқандығын айтқан еді. Тұрғындардың сөзінше 2018 жылы үйдің жертөлесіндегі құбырлар пәтер иелері жинаған қаражаттың есебінен ауыстырылғанымен, бұл істен еш нәтиже шықпаған.


Сасық иістің зардабын әсіресе осы үйдің бірінші подъезінде тұратын тұрғындар көріп отыр. Олардың айтуынша жазда есік-терезелерді ашып, үйді желдету арқылы жағымсыз иістен құтылу мүмкін болса, қыс мезгілінде таза ауа жұту қиындайды. Тұрғындардың басын айналдырып, мазасын қашырған бұл иіс жертөледен шығып, бес қабатты үйдің барлық пәтерлеріне тарайды екен. Осындай шағым айтқан тұрғындардың бірі Әсем Жақсылықованың сөзінше, 2018 жылдан бері үйдің ішіндегі жағымсыз иістің кесірінен жүріп тұру мүмкін емес. Жылдың жылы күндерінде тұрғындар далаға шығып, таза ауа жұтуға тырысады. Пәтерлердің ішіндегі құбырлар ауыстырылса да жағымсыз иіс жойылған жоқ. Жауапты ұйымдарға жолданған шағымдар да нәтижесін бермей отыр дейді.
Жағымсыз иіс тұрғындардың барлығын әбігерге салғандықтан, 2018 жылы жертөледегі кәріз құбырларын ауыстыру үшін әр пәтерден 6 мың теңгеден қаржы жиналып, бұл мәселені шешу қолға да алыныпты. Алайда «ТИС» ПИТК жұмысшылары жүргізген жұмыс нәтижесіне тұрғындардың көңілі толмай отыр. Олардың айтуынша, ақшаны жинап жағдайды жақсартамыз деп уәде еткен жұмысшылар, жұмысты ойдағыдай орындамаған. Оның үстіне атқарылған жұмысқа көз жеткізу үшін жертөлеге де кіргізбейді екен.
– «2018 жылы әр пәтерден 6 мың теңгеден жинау керек деп айтылды. Барлық пәтер иелері ақшасын жинап берді. Қолымызда осы ақшаның алынғандығы туралы қолхат та бар. 2-ші подъездің тұрғындары да 80 мың теңге жинап берген. Жалпы 188 мың теңгеге пәтер иелерінің кооперативіне қарасты сантехникалық учаске жұмысшылары бір ғана құбырды әкеліп, бір сағаттың ішінде ауыстырып үлгерді. Бұлай жеңіл-желпі атқарылған жұмыстан қандай нәтиже күтуге болады? Бір апта сасық иіссіз отырған едік, келесі аптада қайта пайда болды. Атқарылған жұмыстың, сатып алынған заттардың есебін сұрағанымда маған жауап беруден бастарын алып қашты, – дейді осы үйде тұратын тұрғындардың бірі Екатерина Фалкас.
Тұрғындардың өтініші бойынша пәтер иелері кооперативіне жүгінгенімізде, оның мамандары жағымсыз иістің ауыстырылған құбырларға еш қатысы жоқ екендігін айтты. Расында да осы мекемеде слесарь-сантехник болып еңбек ететін Жалғас Тілеуовпен бірге жертөлеге түскенімізде барлық жұмыстардың орындалып, құбырлардың ауыстырылғанына да көз жеткіздік. Жертөленің іші де қоқыстардан тазартылыпты. Иістің шығуының басты себебін слесарь-сантехник былай деп түсіндірді:
– 2018 жылы ескі құбырлар тұрған кезде жертөледе жүрудің өзі қиын еді. Өйткені ескірген құбырлардан нәжіс ағып, батпаққа айналған болатын. Біз тұрғындарға мәселенің шешімін айтып, ақша жинауды ұсындық. Жиналған қаражатқа жаңа құбыр алып орнатып бердік. Қазір өздеріңіз көргендей жертөленің іші таза. Ауладағы кәріз құдығының толып қалуына байланысты жағымсыз иіс құбырлар арқылы пәтерлерге тарайды. Құдық толған кезде «Рудный су арнасы» ЖШС-не хабарлаймыз. Олар келіп құдықты жиі тазартып тұрады. Алайда нәтижесі шамалы, – дейді.
Кооператив сантехнигінің айтуынша сасық иіс әр пәтерден құбырлар арқылы ауладағы кәріз құдығына ағылатын нәжістің жиналып қалуынан туындайды екен. Ал бұл құдық болса қаламыздағы «Рудный Су арнасы» ЖШС қарамағында. Сонымен қатар жауапты мамандардың сөзінше сасық иістің шығуына тұрғындардың өздері де кінәлі болуы мүмкін. Өйткені кәріз жүйесіне құбырларды бітеп тастайтын түрлі қоқысты тастау жағдайлары жиі кездесіп тұрады екен.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив