Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Еңбек елеусіз қалмайды!

Еңбек елеусіз қалмайды!

04.01.23
Автор: magnetit
Просмотров: 2 542
Комментариев: 0

 



   ССКӨБ жыл соңында марапаттау рәсімін өткізді. Салтанатты кеште кәсіпорын үшін маңызды жобаларды әзірлеген және қызметтің әртүрлі салаларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 24 қызметкерге корпоративтік және ведомстволық марапаттар табыс етілді. Соның ішінде «Кеңші даңқы», «Еңбек даңқы» сияқты жоғары марапаттар да бар.


   «Кедергілер бізді дамуға жетелейді». Осындай ұранмен ССКӨБ-тің өндіріс жөніндегі вице-президенті Сергей Кузьменко мен кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы төрайымы Татьяна Шерстобитова жыл қорытындысы бойынша ССКӨБ қызметкерлерін марапаттауға бағытталған салтанатты кешті ашып берді. Тау-кен алыбының ұжымы 2022 жылда өнім жеткізуде бірқанша қиындықтарға тап болған еді, енді олар 2023 жылға үлкен үміт артуда.


   – Барлығыңызға белгілі, биыл біз ССКӨБ тарихында бірінші рет құрамындағы темір үлесі жоғары шекемтас өндіріп шығардық. Мұндай сападағы өнімді Ресейде және Еуропада өндіреді. Біз олармен теңесе алдық. Бұл өнім әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып саналады. Бізде алға ұмтылу бар. Осының арқасында қосымша жұмыс орындары көбеюде. Бұл кәсіпорын үшін ғана емес, қаламыз үшін де үлкен жетістік, – деді Сергей Кузьменко.


   – Бүкіл қала халқын толғандыратын мәселе бұл – кәсіпорынның болашағы. ССКӨБ-тің дамуы тек қалаға ғана емес, облысқа, тіпті Республикаға зор пайда әкеледі. Себебі, ССКӨБ Қостанай өңірінде ең ірі салық төлеуші кәсіпорын болып саналады, – деді Татьяна Шерстобитова.


   BF шекемтастарын өндіру жобасын әзірлеген қызметкерлер командасы жеке марапаттармен және бір жарым миллион теңгенің сертификатымен марапатталады. Жылдың тағы бір жобасы – «Төмен күкіртті концентрат өнімдерін көлемді түрде сату» болды. Сонымен қатар, тау-кен өнеркәсібі, жөндеу және ақпараттық технологиялар саласындағы «Идеялар фабрикасы» жобасының үздік идеяларының авторларына 300 мың теңгенің сертификаттары берілді. Шара барысында «Еңбегі сіңген жұмысшы» төсбелгісі бір ғана қызметкерге – сүйреу агрегатының машинисі Раис Гайсинге берілді.


   – ССКӨБ-тегі еңбек жолым 90-шы жылдарда басталды. Алдымен машинистің көмекшісі болып 8 жылдай жұмыс істедім. Одан соң сүйреу агрегатының машинисі болдым. Қазіргі таңға дейін осы жұмысты атқарып келемін, – дейді жоғары марапат иесі.


   Тау-кен кәсіпорнының үш қызметкері ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісінің иегері атанды. Қазақстандағы мұндай ведомстволық награда үздік кеншілер мен шахтерларға беріледі. Металлургия өнеркәсібіндегі көп жылғы еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен көлік кешенінің сүйреу агрегаты машинисі Александр Сазыкин марапатталса, ССКӨБ-тің тағы алты қызметкері III дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталды.


   2022 жыл – ERG көлемінде «қауіпсіздік жылы» деп аталды. Кәсіпорында өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жағдайды жақсартуға үлес қосқандар, қауіпсіздік бағытына еңбек сіңірген қызметкерлер корпоративтік төсбелгілермен марапатталды. Олардың қатарында ССКӨБ-тегі еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бастығы Александр Бондаренко да бар.


   Ағымдағы жылы кәсіпорын өзінің дрондар паркін айтарлықтай жаңартты, көліктерді тіркеу және бақылау бойынша қауіпсіздік бағдарламасы енгізілді. Бірақ, Александр Бондаренко үшін қауіпсіздіктегі ең бастысы құндылық техникалық жетістіктер ғана емес:


   – Өткен жылмен салыстырғанда бірқанша жетістіктер бар. Жарақат алу жағдайларының төмендеуі байқалуда. Қауіпсіздік мәселелесінде қазметкерлердің белсенділігі артқан. Бұл бағытта өндіріс қарқынына енгізуге тұрарлық ұсыныстардың саны көбейді. Әрине, бізді сынға алушылар көп. Ең басты жетістігімізді айтайын, 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін үш жыл қатарынан кәсіпорын тарихында бірінші рет өлімге әкеп соқтыратын жарақаттар болмады. 2019 жылы бір жағдай орын алды, жолда бір топ адам аварияға ұшырады. Одан да басқа жағдайлар жоқ емес. Бірақ, түрлі сын айтылса да біз қауіпсіздік тұрғыдан өз рекордымызды жаңарттық. Қазіргі таңда 1111 күн бойы ешқандай ауыр жарақатсыз жұмыс істеп келеміз. Бұл үлкен жетістік, – дейді Александр Бондаренко.


   Салтанатты шара соңында қоршаған ортаны қорғау, ресурстармен қамтамасыз ету, HR, корпоративтік басқару және операциялық мінсіздігі үшін тағы 6 қызметкер марапатталды.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив