Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Аймақта үздік атанды

Аймақта үздік атанды

23.01.23
Автор: magnetit
Просмотров: 1 473
Комментариев: 0

 


 
   Аймақты қамтыған Қостанай футбол лигасы (QFL) аяқталды. Турнир жыл сайын өтеді. Соңғы жарысқа оннан аса команда қатысты. Бұл жолы рудныйлық «Салават» командасы топ жарды.


   Турнирде жоғары ұпай жинаған екі команда өңірде ең үздік екенін дәлелдеу үшін ақтық мәреде кездесті. Финалда рудныйлық «Салават» командасы «ДЮСШ футбола» командасына қарсы ойнап, айқын басымдық танытты. Есеп 11:4, рудныйлық команда жеңімпаз.


   – Бұған дейін де көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Қалалық турнирде бірнеше рет чемпион болдық, өткен жылы Қостанай облысы әкімінің кубогын жеңіп алдық. Міне, QFL жарысында топ жарып отырмыз. Командамыздың мүшесі Иван Анисов турнирдің үздік ойыншысы атанды. Бұл да біз үшін мақтаныш. Алда талай асулар тұр, біз дайындығымызды пысықтай түсеміз, – дейді «Салават» командасының капитаны Азамат Ибрашев.


   QFL жыл сайын үш бағытта ойын өткізеді. Ең тәжірибелілері жоғары лигада бақ сынайды. Оның жеңімпазы Қостанай облысының намысын қорғау үшін республикалық жарысқа аттанады. Мамыр айына «Yeleu Cup» турнирі жоспарланған. Ел чемпионаты Астана қаласында өтеді.


   – Жалпы командамыз 2005 жылы құрылған. Оның мүшелері ССКӨБ-те, емханада, мектепте, тіпті теміржол саласында жұмыс істейтін азаматтар. Әр саланың маманы болса да, футболға деген қызығушылығы аса басым болғасын осындай нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Алдағы республикалық турнирде жақсы нәтиже көрсету үшін «Олимп» спорт клубында жаттығып жатырмыз, – дейді Азамат Ибрашев.


   «Yeleu Cup» – футзалдан Қазақстандағы ең беделді турнирлердің бірі. Оған әуесқой және кәсіби командалар қатысады. Тіпті көрші мемлекеттерден де командалар келіп жатады. «Yeleu Cup» турнирі – Қазақстандағы футзалдан Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің республикалық іс-шаралар күнтізбесіне кірген ресми турнир. Басты міндеті – футзалды және салауатты өмір салтын насихаттау.
Ауқымды жарыста рудныйлықтарға сәттілік тілеп қаламыз!


Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив