Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Ынтымақтастық ақсап тұр

Ынтымақтастық ақсап тұр

23.01.23
Автор: magnetit
Просмотров: 1 453
Комментариев: 0

 



   Өткен жылдың көктемінде Қостанай өңіріндегі мемлекеттік кірістер, әділет органдары, полиция мен жеке сот орындаушылары арнайы меморандумға қол қойып, азаматтардан салық берешегін өндіріп алуға бағытталған бірлескен жұмысты бастауға келісті. Белгілі болғандай Рудный қаласында мұндай төртжақты келісім әзірше тиімді болмай тұр. Жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасында өткен жиын барысында бұл мәселе кеңінен талқыланып, кейбір сот орындаушыларының нәтижесіз жұмысына қатысты шағымдар айтылды.


   2022 жылдың сәуір айында жасалған меморандум аталған органдар арасында борышкер туралы ақпаратпен алмасуды күшейтетін, салық төлеуден жалтарып жүргенге қатысты уақтылы шара қабылдауды қамтамасыз ететін, ай сайынғы бірлескен рейдтерді көптеп өткізуді қарастыратын жұмыстарды қамтиды. Құжатта барлық тараптар айтылған міндеттерін белсенді жүргізуге келіскенімен, іс жүзіндегі нәтижесі көңіл көншітпейді. Мысалы, сәуірден бері Рудный қаласында небәрі 44 бірлескен рейд жүргізілген.


   – 2022 жылы тек 5 материал бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шарасы қабылданды. Бір борышкердің мүлкі саналып, «Москвич» маркалы автокөлігі мен теледидары тәркіленді, – деді Мемлекеттік кірістер басқармасы бастығының орынбасары Жаңылсын Өтепова.


   Айтылған ақпаратқа сәйкес Рудный қаласы бойынша 700-ге жуық тұрғынның мемлекет алдындағы салықтар бойынша қарызы 27 миллион теңгеге жеткен. Өткен жылдан бастап қалалық сот мұндай борышкерлерге қатысты қамауға алу жазасын да қолдануды қолға алды. Дегенмен қарызды өндіріп алу жұмысы кейбір жеке сот орындаушыларының әрекетсіздігінен ақсап тұр. Қала прокурорының орынбасары айтқандай, істі өз өндірісіне алған орындаушылар, қарастыру жағын ұзаққа созып келеді.


   – Жеке сот орындаушылары-ның қарауында материалдардың өте көп екендігін түсінеміз. Дегенмен мемлекет алдындағы берешекті өндіріп алу толық көлемінде жүргізілу керек. Кейбір сот орындаушыларының қарауында тіпті 50-ге жуық салықтық бұйрық жатыр, – дейді Денис Леонов.


   Жұмысына қатысты шағым айтылған сот орындаушылары да жиын барысында өз уәждерін айтты. Олардың сөзінше, кейбір материалдар бойынша шара қабылдау «Атқару өндірісі туралы» заңға сәйкес мүмкін болмай отыр. Себебі борышкерлердің басым бөлігінде банктік қарыз, алимент сияқты басқа да берешектері бар. Ал кейбірі қарызын өтеуден жалтармай, сот орындаушыларымен үнемі байланыста екен.


   Бір-бірінің шағымдары мен уәждерін тыңдаған тараптар, барлық айтылғандарға құлақ асып меморандум бойынша қарастырылған жұмыстарға жең түре кірісуге уәде берді. Рудный қаласы бойынша азаматтардың салықтық берешегін төмендету үшін тараптардың әрқайсысы алдымен ақпарат алмасуды жақсартып, салық төлеуден жалтарып жүргендерге қатысты жаза қолданудан тартынбауға келісті.


Ерғали Убайдуллаев

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив