Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Автобустар – ел игілігіне!

Автобустар – ел игілігіне!

23.01.23
Автор: magnetit
Просмотров: 1 562
Комментариев: 0

 



   Өткен жыл соңында «ССКӨБ» АҚ қосалқы көлік цехының автопаркі екі қоғамдық көлікпен толықты. Кәсіпорын тағы да «НЕФАЗ» автобустарын таңдаған, оларды қазір Қашар алаңының жұмысшыларын тасымалдау үшін пайдалануда.


   Жаңадан келген автобустар өздерінің жарқын көрінісімен және жолаушылар үшін қауіпсіздік жағдайларының жоғарылығымен ерекшеленеді. Бұл жолғы көліктер корпоративтік түске сәйкестендірілген.


   – Жаңа автобустар 2022 жылы алып келінді. Заманауи, іші жылы, өте қолайлы автобустар. Алдыңғы қолда бар ескі автобустармен мүлдем салыстыруға келмейді. Жан-жақты мақтауға тұрарлық көлік, – дейді «ССКӨБ» АҚ көлік кешенінің қосалқы көлік цехындағы №4 автоколоннаның бастығы Валерий Макаров.


   «НЕФАЗ» өндірісінің дизельдік қозғалтқышы және «КАМАЗ» үлгісіндегі шассиі бар көлік 44 орынға арналған. Жазда салқындату, қыста жылыту жүйесінен басқа, жайлылық, еңбекті қорғау мәселелеріне көбірек көңіл бөлінген. Әрбір жолаушыға арналған қауіпсіздік белдіктері бар. Жақын арада көліктің іші де, сырты да бақылауда болатын 360 градустық бейнебақылау камералары орнатылады.


   – Бізде жағдай жақсарып келеді. Басқаша болуы да мүмкін емес. Себебі, жолаушылар жұмысқа барғанда немесе ауысымнан қайтқанда жайлылықты сезінгісі келеді, ұжымымызға қойылған талап та осы. Біз де соған сай болуға міндеттіміз, – дейді Валерий Макаров.


   Қазір қосалқы көлік цехының автопаркінде 57 көлік болса, оның 7-і қалааралық қызметкерлерді тасымалдаумен айналысады. Биылғы жылы көліктер қатары бұдан да кеңеймек. Цех алдағы уақытта тағы 5 жаңа ауысымдық автобустың келуін күтуде.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив