Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Думпкарлар сақадай сай

Думпкарлар сақадай сай

22.05.20
Автор: magnetit
Просмотров: 16
Комментариев: 0

Думпкарлар сақадай сай

ССКӨБ-тің жылжымалы құрамды жөндеу цехы тағы бір ауқымды жұмысының нәтижесін көрсетуге дайын. Рудный және Қашардағы өндірістік алаңдар үшін жеті жаңартылған думпкарлар сақадай сай тұр.


Бұл жерде думпкарларды жаңарту жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. Күрделі жөндеу әуелі вагондарды егжей-тегжейлі талдаудан және жөндеуді талап ететін тұстарын қарастырудан және оларды жаңарту жоспарын амалға асырудан басталады. Бірінші кезекте думпкарлар бөлшектерге бөлінеді. Ол үшін дәнекерлеу, кесу міндеттерін атқаратын құрал-жабдықтар қажет болады.
Ал, мамандарға тоқталсақ, әр кезеңде түрлі мамандық иелері өз кезегімен жұмысқа жең түре кіріседі: краншылар салмағы ауыр бөлшектерді жылжытса, жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарлар жұмыстың дұрыс бағытта жүргізілуін қамтамасыз етеді. Соң электрлі газбен дәнекерлеушілер және сырлаушылар жұмысты аяқтап береді.
– Қажетті жөндеу көлемін ескерсек, шамамен бір думпкарды жаңарту үшін сегіз немесе тоғыз ауысымдық жұмыс уақыты кетеді. Жеті өлшеп бір кескен абзал, дегенмен уақытты ұзаққа созбай, нақты шешім қабылдайтын тәжірибелі жөндеуші мамандарымыз жеткілікті. Өндіріс барысының үздіксіздігін қамтамасыз етуде біздің де үлесіміз үлкен екенін жақсы білеміз. Сондықтан қашан да жоспарлы жөндеуді өз уақытында, мүмкіндік болса одан да ертерек орындап отыруға әрекет жасаймыз. Жөндей алмайтын жерлерін жаңасына алмастырамыз. Өзіміз жаңа бөлшектерді орнатамыз. Керекті болған басқа да бөлшектерді бізге бөлімшеміздің жонушылары жасап беріп отырады. Біріге көтерген жүк жеңіл екенін бүкіл ұжым жақсы сезінеді, – дейді думпкарларды күрделі жөндеу бойынша бөлімшенің бастығы Алексей Сапко.
Барлық бөлшектер дайын болған соң қызметкерлер вагонды жинауға кіріседі. Басты міндет, ақаулықты болдырмау, кенді тасымалдау кезінде оны босқа шашпау үшін жоғарғы бетінен басқа ашық жер қалдырмау. Осылайша сынақтан өткен думпкарды өндіріс алаңына аттандыру алдында сырлаушылар жұмысқа кіріседі. Олардың қол шеберлігінің арқасында ескі думпкарды жаңасынан ажыратып алу қиын-ақ. Осылай күрделі жөндеуден өткен әрбір думпкар 3 жыл үздіксіз жұмыс істеуге қауқарлы болады.


Жарасқан НҰРЫБАЕВ
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив