Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
30-05-2023, 10:15
422
0
30-05-2023, 10:11
246
0
30-05-2023, 10:08
346
0
» World Skills – мүмкіндіктер алаңы

World Skills – мүмкіндіктер алаңы

02.05.23
Автор: magnetit
Просмотров: 2 553
Комментариев: 0

 


 
   Қостанай облысында сәуір айының 17-27 аралығында «World Skills Қазақстан» чемпионатының өңірлік кезеңі өтіп, 45 мамандық бойынша кәсіби шеберлік сайыс түрлерін қамтыған. Жұмысшы мамандықтарына оқып жатқан студенттер арасында ұйымдастырылатын іс-шара алаңдарының бірі болып, бұл жолы Рудный құрылыс және көлік колледжі де таңдап алынды. Өңірден жиналған қатысушылар «слесарлық іс» құзыреттілігі бойынша сынға түсіп, қойылған тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап шықты.


   World Skills чемпионаты Қазақстанда 2015 жылдан бері таныла бастады. Оның негізгі мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, техникалық және кәсіптік оқу орындарындағы студенттердің біліктілігі мен еңбек дағдыларын дамыту болып табылады. Республикалық кезеңге өткізетін жолдама алу үшін, қатысушылар алдымен өздері білім алып жатқан оқу орындарында шеберліктерін дәлелдеп, кейін өңірлік сайыстың жүлдесіне таласады. Қостанай облысында сәуірдің 17-сі күні басталған өңірлік сайысты өткізу алаңдарының бірі болып, биыл Рудный құрылыс және көлік колледжі де таңдап алынған.


   – Біздің колледж осымен 7-ші жыл қатарынан «слесарлық іс» бойынша чемпионаттың аймақтық кезеңін өткізуге атсалысып жүр. Биыл аталған мамандықта World Skills өңірлік кезеңінің үздігі атағын Рудный, Қостанай, Жітіқара, Әулиекөл және Федоровтан келген 10 студент сарапқа салып отыр, – дейді РҚКК директорының орынбасары Артем Овсянников.


   «Слесарлық іс» құзыреттілігі ұсташылыққа жатқандықтан, сайыс тапсырмасына сәйкес қатысушылар автомеханиктерге арналған арнайы орындықты құрастыруы тиіс. Тапсырманың бір ерекшелігі – бұл орындық жылжымалы жатақ болып та трансфармациялануы керек. Қазылар алқасы әр студенттің жұмыс сапасын жіті бақылап, баллмен бағалайды.


   Бұндай шеберлік сайысқа Рудный құрылыс және көлік колледжінде оқып жатқан Ілияс Гильмутдинов те қатысып, бағын сынауға келген. Өз болашағын өндіріспен байланыстыру мақсатында экскаватор машинисті мамандығын таңдаған ол, бірінші курста слесарлық жұмысты да меңгеріп, ССКӨБ алаңында өткен өндірістік тәжірибеден қажетті дағдыларын жетілдірген. Сондықтан, конкурстың практикалық тапсырмасын жоғары деңгейде орындап шығу Ілияс Гильмутдинов үшін еш қиындық туғызбаған.


   – Экскаватор машинисті еңбек нарығында абыройлы және жоғары жалақы төленетін мамандықтардың бірі саналады. Өзім Денисов ауданында туып, сол жердегі мектепте білім алдым. Жастайымнан еңбекке үйренгендіктен, жұмысшы мамандығын таңдауды шештім. Рудныйға келіп, құрылыс және көлік колледжіне түстім. Аталған оқу орнының түлегі екі мамандықты меңгеруге мүмкіндік алады. Сол себептен, «ССКӨБ» АҚ-на қарасты Өндірістік кешенде слесарлық іс бойынша практикадан өтіп, тәжірибелі мамандардан көпті үйрендім. Дәнекерлеу жұмысын да меңгеріп алдым. Қазір екінші курсқа өтіп, өзім таңдаған экскаватор машинисті мамандығының қыр-сырын танып жатырмын, – дейді сайыс қатысушысы.


   «World Skills Қазақстан» чемпионатының өңірлік кезеңі болашақ слесарлардан бөлек, Рудный қаласындағы оқу орнында құрғақ құрылыс және әктеу жұмыстары, малярлық және декоративтік жұмыстар, жеңіл автокөліктер мен жүк көліктерін жөндеу, дәнекерлеу сияқты 6 құзыреттілікті қамтыған. Олардың барлығынан жеңімпаз атанған студенттер республикалық кезеңге жолдама алып, облыс намысын қорғауға жіберіледі. Ал өңірлік кезең қорытындысы мен жеңімпаздардың есімі мамыр айында жарияланады.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Елена Артемова

Категория: ---
Теги:


[related-news] [/related-news]
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив