Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
30-05-2023, 10:15
422
0
30-05-2023, 10:11
246
0
30-05-2023, 10:08
346
0
» Мерекелік турнир

Мерекелік турнир

15.05.23
Автор: magnetit
Просмотров: 1 510
Комментариев: 0

 



   Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ERG тобы өз жұмысшылары үшін ерекше спорттық сайыс ұйымдастыруды жөн көрді. 5 мамыр күні Рудныйдағы «Горняк» жастар спорт клубына топтың Қазақстандағы барлық кәсіпорындарынан дзюдо спортына құмар жандар жиналып, алты салмақ категориясы бойынша «ССКӨБ» АҚ бас жүлдесі үшін таласқа түсті.


   ERG тобының еліміздегі барлық кәсіпорындарынан келген әуесқой және кәсіпқой спортшылардың басын біріктірген биылғы сайыс мұндай көлемде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Барлығы 60-қа жуық спортшы қатысқан турнир кәсіпорында қабылданған Қауіпсіздік жылы мен Жеңіс күнін тойлауға арналған. Айтып өтейік, бұдан бұрын күрес сайыстары тек ССКӨБ ауқымында өткізілген болса, биылғы турнирге ERG-дің 10 кәсіпорны атсалысты. Спорттық іс-шараның ашылу салтанатында еліміздің әнұраны ойнап, жергілікті кәсіпорын өкілдерінен құттықтау сөздер айтылды.


   – Бүгінгі сайысқа нағыз кәсіпқой спортшылар жиналған. Күрестің бұл түрі шыдамдылық пен қайсарлықты, сенімділік пен шапшаңдықты шыңдайды. Мұндай сайыс топ ауқымында алғаш рет өткізіліп, кейін жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шара болатыны сөзсіз. Ең бастысы жарақатсыз өнер көрсетіңіздер деп тілеймін, – деді ҚР спорт шебері, «ССКӨБ» АҚ қызметкері Берік Доданов.


   Спорттық турнирдің шымылдығын 60 келі салмақтағы спортшылар ашып берді. Жасыл кілемге алғашқылардың бірі болып Дөң кен байыту комбинатынан келген Айдархан Дастанов та шығып, алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.


   – Дзюдомен 3-ші сыныптан бері шұғылданып келемін. Әбден тәжірибе жинақтап спорт шеберіне кандидат атағын алдым. Бүгінгі сайысты сәтті бастап, алғашқы қарсыласымды қылқындыру әдісімен жеңдім, – дейді спортшы жігіт.


   ERG қызметкерлері арасындағы біріншілікті ССКӨБ әкімшілігі, кәсіподақ комитеті мен жастар кеңесі қолдап отыр. Сайыстың бас жүлдесі де осы ұйымдармен ұсынылған. Бірлестіктің спорт жөніндегі үйлестірушісі Станислав Кнопстың айтуынша, биылғы сайысқа өз кәсіпорындарынан үздік шыққан спортшылар келген.


   – Спорттық сайыстар біздің кәсіпорында «Жастар 2023» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Жекпе-жектер 5 сағатқа жалғасып, олардың әрқайсысына тәжірибелі бапкерлер мен төрешілер қазылық етті. Жеңімпаздарға медальдар мен ақшалай сыйақылар табысталды, – дейді «ССКӨБ» АҚ өкілі.


   Тартысты өткен мерекелік дода қорытындысы бойынша күрестің бас жүлдесін жеңіп алғандар да анықталды. Командалар арасында турнир кубогы Ақсу ферроқорытпа зауытының спортшыларына бұйырса, жекелей сайыстарда келесі қызметкерлер жеңімпаз атанды: 60 келі салмақта 1 орын – Айдархан Дастанов (Дөң КБК), 66 келі салмақта 1 орын – Дәурен Мурсен (Дөң КБК), 73 келі салмақта 1 орын – Исламбек Жәнібеков (Дөң КБК), 81 келі салмақта 1 орын – Дәмір Рысқұлов («Шығыс» разрезі), 90 келі салмақта 1 орын – Виктор Валейкин («ССКӨБ» АҚ), 100 келі салмақта 1 орын – Медет Манап («Шұбаркөл көмір» АҚ) және 100 келіден ауыр салмақта 1 орын – Нәби Ковтун («Шұбаркөл көмір» АҚ).


Ерғали Убайдуллаев
Сурет жеке мұрағаттан алынған

Категория: ---
Теги:


[related-news] [/related-news]
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив