
Экологияға қамқорлық қажет. Мұндай қағиданы ұстанған Рудный қаласындағы «Поколение-KZ» ұйымының белсенді жастары қала аумағында кезекті экологиялық акция ұйымдастырып, іс-шараға «ССКӨБ» АҚ және мемлекеттік мекеме мамандары, колледждер мен мектеп оқушылары бір кісідей атсалысты. Жыл басынан бері осымен үшінші рет өткізіліп отырған акция бұл жолы қаламыздағы Фрунзе көшесінде жалғасын тапты.
Рудныйдағы Фрунзе көшесінің аумағында орналасқан сайлы жер бүгін қоқыстан біраз тазарып қалғандай. Қолдарына күрек пен кетпен алған азаматтар топ-топқа бөлініп, белгіленген орындарды жылдар бойы жиналып қалған қоқыстан тазартуға кірісті. Олардың сөзінше, сайлы жерде әсіресе тұрмыстық қатты қалдықтар мен шыны, пластик бөтелкелер мен картон-қағаздар көптеп жиналған. Акцияны бастаған қоғам белсендісі Геннадий Ипатовтың айтуынша, тазалық іс-шаралары дәстүрге айналып, жыл басынан бері шаһарда үшінші рет ұйымдастырылып отыр.
– Экологиялық акцияны «ССКӨБ» АҚ экология және жер қойнауын пайдалану бөлімінің қолдауымен «Поколение-KZ» қоғамдық бірлестігі өткізіп отыр. Мұндай іс-шаралардың арқасында азаматтар өзекті қоқыс мәселесін шешуге өзіндік үлесін қосады. Бұдан бұрын Тобыл өзенінің жағасын қоқыстан тазартсақ, енді міне жұмыстарды қала ішінде өткізіп отырмыз, – дейді экология жанашыры.
Белгілі болғандай аталған көше бойындағы сайлы жер әкімдікте қабылданған шешімдердің арқасында түбегейлі жаңартылатын болды. Геннадий Ипатов айтқандай, алдағы уақытта мемлекеттік тендер ойнатылып, аталған жерге тазарту жұмыстары жүргізіліп қана қоймай, қураған ағаштары мен шөп-шалаңы кесілетін болады.
– Әкімдік жүргізетін іс-шаралардан бөлек, «ССКӨБ» АҚ қолдауымен аталған жыра-сайдың айналасы алдағы уақытта абаттандырылып, Рудный тұрғындары алдағы күз айына дейін осы жердің түбегейлі өзгергенін көретін болады. Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен қатар, сайлы жер айналасында қосымша орындықтар, кіші сәулет нысандары мен балаларға арналған әткеншектер орнатылады, – дейді «Поколение-KZ» қоғамдық бірлестігінің белсендісі.
Бүгінгі экологиялық шараға әсіресе жастар жағы көптеп жиналған. Мәселен, мұндай сенбіліктерді Рудный политехникалық колледж студенттері тиімді пайдалануды жөн көреді. Тазарту жұмыстары барысында жиналған қоқыстарды жігіттер мен қыздар пластик, картон, шыны бөтелкелер сияқты қоқыс түрлеріне сұрыптап, қаптарға салып, оларды қайталама шикізат қабылдайтын орындарға тапсырмақшы. Бұл оларға, қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.

– Біздің колледж Геннадий Ипатов бастаған іс-шараларды үнемі қолдап отырады. Себебі ол, біздің колледж түлегі. Өзім экология жанашыры болғандықтан, оқу ордасындағы әрбір студентті табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, тазалықты сақтауға, көшелер мен аулаларды қоқыспен бүлдірмеуге шақырамын. Қаламызда өткізіліп жатқан кезекті акцияға біздің колледж атынан 32 адам қатысып отыр. Олардың арасында ұстаздарымыз да бар. Қатысушылардың басым бөлігін еріктілер құрайды. Қостанай қаласындағы студенттердің бастамасы бойынша, біздің балалар да жиналған қоқысты пайдаға жаратуды шешті. Яғни, қайталама өңдеуге жарайтын пластик, картон-қағаз, шыны бөтелкелер сияқты қоқыстарды сұрыптап, алдағы уақытта шикізат қабылдайтын пункттерге тапсырып, студенттер кішігірім ақша табуға мүмкіндік алады, – дейді Рудный политехникалық колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Светлана Ширшова.
Белгілі болғандай бүгінгі іс-шараны қаламыздағы 11 ұйымдар қолдап, қаланы қоқыстан тазартуға келгендер саны 100 адамнан асты. Акция аясында олармен жиналған қоқыстардың барлығы «Рахат 2018» ЖШС көліктерімен қоқыс полигондарына шығарылатын болады.
На прошлой неделе около сотни рудничан: экологи АО «ССГПО», работники бюджетной сферы, студенты РПТК, волонтеры объединения «Поколение-KZ» приняли участие в субботнике в районе оврага, вдоль которого пролегает улица Фрунзе. Как объясняет инициатор субботника – проектный менеджер Геннадий Ипатов, очистка лога при поддержке ССГПО и акимата проходит уже третий год подряд. В этот раз участники акции собрали три кузова мусора! Здесь стало намного чище, а в перспективе будет продолжено и благоустройство. Напомним, ранее на пятачке между улицами Ленина, Гагарина и Фрунзе появились лавочки и пешеходные дорожки. Лавочками также обзавелась территория в районе моста, со стороны гимназии №21.
Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Елена Артемова