Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
25-09-2023, 14:28
323
0
25-09-2023, 14:14
303
0
» Полиция тұрғындарды тыңдады

Полиция тұрғындарды тыңдады

30.05.23
Автор: magnetit
Просмотров: 1 772
Комментариев: 0

 



   Өткен аптада «Аманат» партиясының қалалық филиалында Рудный Полиция басқармасының бастығы Болат Иманов қала тұрғындарын жеке қабылдап, көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Айтар болсақ, бұл күні полиция басшысына келген тұрғындар саны көп болды. Біреулері қала жолдарындағы ереже бұзушылықтарды болдырмау үшін қатаң шараларды қабылдауды талап етсе, бірі алаяқтық, ұрлық және тағы басқа жағдайлар бойынша көмек сұрап келді.


   Қабылдауға алғашқылардың бірі болып келген «Самал» жеке пәтер иелері қоғамының басшысы Әлия Бабенова аулаларға бейнебақылау камераларын орнатуды сұрап, әсіресе балалардың ойын алаңдарын қадағалауды талап етті. Себебі жаз мезгілінде аталған алаңдарда ойын-сауық құрып, ішімдік ішетін ересектер мен жасөспірімдер көбейеді. Салдарынан ойын әткеншектердің бұзылуы орын алады, – дейді. Сондай-ақ, «Самал» басшысы полиция бастығына тағы да бір өтінішін жеткізді.


   – Менің екінші мәселем, 50 лет Октября 37-ші үй ауласындағы жасанды тегіссіздікке қатысты. Ол жерде көліктер көптеп жүреді. Жақында машиналардың бірі баланы қағып кете жаздады. Өткен жылы ол жерде жасанды тегіссіздік болған еді. Алайда қыстан кейін бұзылып, тіпті жұлынып қалған, – дейді Әлия Бабенова.


   Болат Иманов қоғам басшысының алғашқы мәселесі бойынша алдағы уақытта әкімдік пен полиция тарапынан ауқымды жұмыс жүргізілетінін айтты. Полиция бастығы берген ақпаратқа сүйенсек, қала көшелеріне 300-ге жуық камера орнату көзделген болса, биыл соның 59 алдымен Рудныйдағы криминогендік жағдайы нашар орындарға орнатылады. Екінші мәселені де полиция басқармасының бастығы егжей-тегжей қарастыруға уәде берді.


   Болат Имановтың жекелей қабылдауына келген азаматтардың арасында, интернет алаяқтығына тап болғандар да бар. Мәселен Сергей есімді тұрғын ОЛХ сайтына жүгініп, бұранда бұрағышты сатып алмақшы болған. Заттың ақшасын да алдын ала төлеп қойған ол, біраз уақыттан кейін алаяқтық құрбаны болғанын білген. Әйтсе де қылмыскердің өзін іздеп, мекенжайын да анықтағанымен, құқық қорғаушылардың тарапынан еш шара жоқ деп мұңын айтты.


   – Құзыретті органдар арқылы аталған азаматтың телефонын, мекенжайын анықтап қоңырау шалдым. Ол Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Е-Өтініш қосымшасы арқылы павлодарлық құқық қорғаушыларға арыз жаздым. Арыз қабылданып, 4 айдан кейін СМС жауап келді. Хабарламада жазылғандай, тергеу қылмыскердің анықталмағанынан тоқтатылған, – дейді қала тұрғыны.


   Рудныйдың бас тәртіп сақшысы аталған азаматтың да мәселесін тыңдап, қайтадан арыз жазуды сұрап, павлодарлық құқық-қорғаушылармен хабарласатынын айтты. Бұдан кейін, қоғамдық қабылдау барысында полиция басшысына қаланың тағы бір тұрғыны жүгініп, жолдардағы ереже бұзушылықтарға ерекше назар аударуды сұрады. Сондай-ақ кейбір тұрғын, автобустардың қатынау кестесін түзутуді сұраса, ұрлықтың құрбаны болғандар істің оңтайлы шешілуіне қолғабыс етуді өтініш қылды. Жалпы алғанда бұл күні 8 адамның өтініштері мен мәселелері қарастырылып, полиция бастығынан тұшымды жауап алды.


   Азаматтарды қабылдау іс-шарасында айтылғандай, қала жолдарындағы ереже бұзушылықтар бойынша алдағы уақытта ауқымды жұмыстар қолға алынбақ. Жылдың соңына қарай көшелерде проекциялық жаяу жүргіншілер жолағы қойылып, бағдаршамдар жаңарады. Сондай-ақ қаланың негізгі көшелеріне «Сергек» камераларын орнату жоспарланып қойылған.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Елена Артемова

Категория: ---
Теги:


[related-news] [/related-news]
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив