Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
25-09-2023, 14:28
323
0
25-09-2023, 14:14
303
0
» Қыстың қамын жаз ойла

Қыстың қамын жаз ойла

30.05.23
Автор: magnetit
Просмотров: 2 226
Комментариев: 0

 



   Рудныйдың жылу жүйелеріне ауқымды әрі күрделі жөндеу жұмыстары басталып, соған байланысты қаланың тең жартысы уақытша ыстық сусыз қалмақ. Бұл туралы өткен аптада БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған баспасөз жиын барысында айтылды. «Рудный жылу желілері» серіктестігі мен жөндеу жүргізіп жатқан мердігер компания өкілдері хабарлағандай, бұның барлығы өткен жылдағыдай аварияларды болдырмау және жылудың тоқтаусыз берілуін қамтамасыз ету үшін қажет.


   Өткен жылу маусымында орын алған төтенше жағдайға байланысты жергілікті коммуналдық қызметтерге үлкен тапсырма беріліп, жөндеу жұмыстарына бөлінген бюджеттік қаржыландыру көлемі де артты. Бұл, «Рудный жылу жүйелері» серіктестігі үшін қажетті жұмыстарды алдын ала бастауға мүмкіндік беріп, ең алдымен мердігерлер Горняков және Ленин көшелерінің қиылысында жатқан құбырларды ауыстыруға кірісті.


  Айтып өтейік, ақпан айында осы құбырлар бірнеше жерінен жарылып, тұрғындар мен коммуналдық қызметтерді әбден әбігерге салған еді. Серіктестік бастығы Арман Жүнісовтың айтуынша, қаламызда тозығы жеткен құбырлары бар 6 негізгі учаске анықталып, олар бойынша толық ауыстыру жұмыстары қарастырылған.


   – 2022-2023 жылғы жылу маусымында магистралды құбыр желілерінде орын алған 12 аварияның алтауы дәл осы жерде орын алды. Қазір мұндағы жұмыстарға мердігерлер жұмылдырылып, Строительный көшесінен Ленин көшесіне дейінгі құбырларды толық ауыстыратын болады. Тағы екі учаске Ленин көшесінде орналасқан. Қазір ол жерде жөндеу орны дайындалып жатыр. Жұмыстар мамыр соңына қарай басталады. Зерттеу жұмыстары барысында Сандригайло және Корчагин көшелеріндегі тозығы жеткен құбырлар да анықталды. 6 учаскеде 2,4 шақырым құбыр ауыстырылып, 1 миллиард теңге қаржы жұмсалады, – дейді серіктестік бастығы.


   Белгілі болғандай Ленин және Горняков көшелерінің қиылысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қостанайлық «Изомир» серіктестігі кіріскен. Серіктестік өкілі Жайнарбек Боқановтың айтуынша, бүгінде осы аймақтан тозған құбырлар қазып алынып, жөндеуге 8 техника жұмылдырылған.


   – Біздің мамандардың қарамағына Ленин көшесінен бастап Дзержинскийге дейінгі учаске бөлінген. Жұмыстарды мамырдың 10-нан бастап, бір апта ішінде тең жартысын орындадық. Жұмысшылар ескі құбырлар мен тіреуіштерді, оқшаулағыштарды демонтаждап, қазу жұмыстарын жүргізді. Бұл жерден қазып алынған топырақ уақытша сыртқа шығарылды. Самосвал, автокран сияқты техника саны жеткілікті, – дейді мердігер компания өкілі.


   Жайнарбек Боқановтың айтуынша, аталған учаскелерге қажетті материалдар да уақтылы жеткізіліп, ескісінің орнына диаметрі 530 мм болатын болаттан жасалған берік құбырлар төселетін болады. Оның қалыңдығы да жылуды сақтап, аварияларға төзімді болып келген.
Мамандар берген ақпаратқа сүйенсек, құбырларды ауыстыру жұмысы ыстық судың уақытша тоқтатылуына да әкеп соқтырады. Жалпы алғанда алдағы ауқымды жөндеуге байланысты қаладағы үйлердің жартысынан көбі ыстық сусыз қалмақ.


   – Қала тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауы тиіс. Себебі бұның барлығы алдағы қыс мезгіліне максималды дайын болу үшін қажет. 6 негізгі көшеден бөлек, алдағы жаз мезгілінде басқа құбырлардағы ыстық су тоқтатылуы мүмкін, – дейді «Рудный жылу жүйелері» ЖШС бастығы.


   Қаладағы негізгі көшелерден бөлек, Рудныйда өткен жылғы жобалар бойынша жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы алғанда бюджеттен 11,4 миллиард теңге қарастырылып, оның бір бөлігі жаңа жобаларға да жұмсалмақ. Айтып өтейік, аталған ауқымды қаражат республикалық бюджеттен бөлінген.


  В большинстве домов Рудного горячая вода появится только в начале августа. Это связано с масштабными ремонтами теплосетей. В первую очередь, менять магистральные трубы будут на самом проблемном участке – на улице Горняков (от Строительной и до Ленина). Также ремонт затронет два участка на улице Ленина, еще два на улице Павла Корчагина и один на Сандригайло.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Елена Артемова

Категория: ---
Теги:


[related-news] [/related-news]
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив