Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
Последние новости
25-09-2023, 14:28
319
0
25-09-2023, 14:14
295
0
» Алыптың алғашқы адымы

Алыптың алғашқы адымы

30.05.23
Автор: magnetit
Просмотров: 2 240
Комментариев: 0

 


   
   ERG тобының Қостанай өңіріндегі темір дивизионы тағы бір жаңа техникамен толықты. Тиісті өнеркәсіптік сынау және тексеру жұмыстарынан кейін ЭР-1500 маркалы алып роторлық экскаватор Өнеркәсіптік кешенге қарасты кенді кептіру учаскесіндегі жұмысқа жұмылдырылып, сағатына 1,5 мың тонна кен концентратын тиеуге қауқарлы. Жаңа техника қауіпсіздік мәселесі тұрғысынан анағұрлым жетілдіріліп, басқару кабинасы да машинист үшін ыңғайлы болып жасалған.


   Өнеркәсіптік кешенге қарасты кептіру учаскесі Кен дайындау және байыту учаскесінен келіп түсетін кен концентратын кептіріп қана қоймай, тұтынушыға жеткізу үшін теміржол вагондарға тиеумен де айналысады. Бұл жердегі негізгі техника – роторлық экскаваторлар болып саналады. Бұдан бұрын аталған алаңда алып техниканың төртеуі пайдаланылып келген болса, соңғы кездері негізгі жұмыстарға тек екеуі ғана жұмылдырылып келген. Себебі төрт техниканың екеуі сонау 1990 жылдары неміс фирмаларынан сатып алынып, әбден тозығы жеткен.


   Қалған 2 экскаваторды «ССКӨБ» АҚ осыдан 10 жыл бұрын Краматорск ауыр машина құрастыру зауытынан сатып алған.


   – Краматорск зауытынан сатып алынған және қазіргі уақытта біздің учаскеде қолданылып жатқан 2 экскаватор 10 жыл үздіксіз жұмыс істеп тұр. Оларды әлі жаңа деуге болады. Жақында олардың қатарына Краматорск зауытынан келген ЭР-1500 маркалы тағы бір роторлық экскаватор қосылды. Жаңа техникада алдыңғы үлгілерінен анықталған барлық кемшіліктер жойылып, заманға сәйкес құрастырылған, – дейді «ССКӨБ» АҚ ӨК кептіру учаскесінің бастығы Антон Типанов.


   Жаңа экскаваторда әсіресе еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселесіне ерекше назар аударылған. Машина құрастырушылар техникаға қызмет көрсететін алаңдарды да қарастырып, таяныштармен, бақылауға арналған камералармен жабдықтаған. Машинист үшін ыңғайлы етіп жасалған кабинада барлық басқару тетіктері компьютерлендіріліп, шіліңгір ыстықта салқындататын кондиционері орнатылған. Осындай қолайлы жағдайларда экскаватор машинисті сағатына 1,5 мың тонна концентрат тией алады.


   – Роторлық экскаватордың көмегімен кен концентраты конвейерлерге тиеледі. Әрі қарай тізбек бойынша өнім вагондарға түсіріледі. Биыл біздің учаскеге жеткізілген жаңа техника бұл жұмысты жылдамырақ атқарып, белгіленген жоспарды орындауға мүмкіндік береді. Ыңғайлы орындық, жылытқыш пеш пен салқындатқыш кондиционер, кабинасындағы шу басқыштар, шаң қаққыштар сияқты артықшылықтардың арқасында жұмыс оңай әрі көңілді жүреді. Бейнебақылау камералары кенді тиеу процесін қадағалауға көмектесіп, соның арқасында уақыт пен қосымша жұмыс күші де үнемделеді, – дейді роторлық экскаватор машинисті Дәулет Мәкішев.


   Белгілі болғандай ЭР-1500 типтегі роторлық экскаваторлар мобилділігімен де ерекшеленеді. Яғни, оны белгілі бір жұмыс орнына көшіру мұндағы жұмысшыларға қиынға соқпайды. Мамандардың айтуынша, Краматорск зауытынан жеткізілген мұндай алып ERG кәсіпорындары арасында тек «ССКӨБ» АҚ ғана қолданылады. Аз уақытта оның тиімділігіне көз жеткізген мамандар кенді кептіру учаскесінің экскаваторлар паркін алдағы уақытта ЭР-1500 экскаваторларының қосымша үлгілерімен толықтыруды жос-парлап отыр.


Ерғали Убайдуллаев
Суретті түсірген Елена АреНДАРУК

Категория: ---
Теги:


[related-news] [/related-news]
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив