Баланың көңілі даладаБаланың көңілі далада Оқу жылы аяқталып, жазғы демалыстар да басталды. Осыған байланысты, балалармен орын алатын жазатайым оқиғалардың да көптеп тіркелетіні белгілі. Үйде отырып, іші пысқан балалардың оттықпен ойнап, өртке әкеп соқтыратын жағдайлардан бөлек, құтқарушылар балалардың терезеден құлап, суға бату оқиғаларын да жиі тіркейді екен. Осыған байланысты төтенше жағдайлар басқармасының мамандары ата-аналарды сақтық шараларына аса көңіл бөлуге шақырып отыр. Отпен ойнау, суға бату оқиғаларымен қатар, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың көп қабатты үйлердің терезесінен құлау жағдайлары да жиі кездеседі. Мысалы 2019 жылы Қазақстанда 2-ден 13-жасқа дейінгі балалардың осындай жағдайға ұшыраған 100 оқиғасы тіркеліпті. Қостанай облысында 10 оқиға тіркелген. Рудный қаласында да жағдай мәз емес. Өңірде орын алған оқиғалардың тең жартысы кеншілер қаласында тіркеліп отыр. Зардап шеккен төрт баланың біреуі қайтыс болған. Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ |
Реклама



Последние новости
22-02-2021, 15:22
369
0
22-02-2021, 15:20
313
0
22-02-2021, 15:17
382
0
22-02-2021, 15:11
378
0
22-02-2021, 15:07
360
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (0)
|
Популярное на сайте
|