Шебер болуға лайықШебер болуға лайық Бірлестікте өз ісіне жауапкершілікпен қарап, біліктілігін арттырып, үйренуге талпынатын жастар аз емес. Солардың бірі Дмитрий Зюбаненко. Бірлестіктегі желілер мен қосалқы станциялар цехында еңбек ететін жас маман 2010 жылы осы мамандықты таңдап, қазіргі уақытта цех шеберінің міндетін атқарып жүр. Мектепті тәмамдап, қаламыздағы политехникалық колледжге түсіп, электромеханик мамандығын алған Дмитрий Зюбаненко бірлестікке 2013 жылы келген. Жас маманның айтуынша, кәсіптік білім ордасында оқып жүрген кезде дәл осы Желілер мен қосалқы станциялар цехында практикадан өткен. Сондықтан дипломын алғаннан кейін Дмитрий осы жерде жұмыс істеуге шешім қабылдапты. Ол цех жұмысшылары еңбек жолын енді ғана бастаған жас маманды жылы қабылдап, атқарылатын жұмыстың барлық тетіктерін түсіндіріп, үйретті дейді. Цех жұмысшыларының негізгі міндеті бірлестіктегі барлық төмен және жоғары вольтті трансформаторларға қызмет көрсету болғандықтан, бұл жерде еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан жас маман жұмысқа кірісер алдында алдымен осы ережелерді ұғып алуға тырысқан. Ерғали Убайдуллаев |
Реклама



Последние новости
Вчера, 12:16
107
0
Вчера, 12:10
102
0
Вчера, 11:51
76
0
Вчера, 11:45
72
0
Вчера, 11:43
91
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (0)
|
Популярное на сайте
|