Жөндеу жұмыстары басталдыЖөндеу жұмыстары басталды Негізгі міндет – өнім өндіру процесін тоқтатпау. «ССКӨБ» АҚ-ның Өндірістік кешеніне қарасты шекемтас өндіру цехының мамандары 2020 жылдағы жоспарлы-сақтандырмалық жөндеу жұмыстарына кірісті. Бүгінгі күні мұнда жоғары температуралы шекемтас түріндегі дайын өнімді тасымалдайтын 18-ші пластиналық конвейерді күрделі жөндеуден өткізу басталды. Уақтылы жүргізілген жөндеу үздіксіз өндірісті қамтамасыз етеді. Бірлестіктегі шекемтас өндіру цехының мамандары осындай пікірде. Биылғы жылы мұндағы жұмысшылар цехтағы күйдіру машиналарынан шығатын газды түтін мұржасына шығару функциясын орындайтын арнайы тоннельдердің тоқтатылып, тазартылуына байланысты, цехтағы ыстық шекемтасты тасымалдайтын 18-ші пластиналық конвейерді жөндеуге кірісті. Бұл жұмыстар 2021-ші жылға жоспарланған болатын. Алайда цех мамандары мұржаның жөнделуін сәтті пайдаланып, конвейерді мерзімінен бұрын жаңартуға шешім қабылдады. Осы цехқа қарасты сұрыптау учаскесі бастығының міндетін атқарушы Андрей Копытовтың сөзінше, конвейердің негізгі міндеті №2 тиеу бункері арқылы дайын өнімді тұтынушылар мен темір кенінің қоймаларына жеткізу. Биыл 18-ші конвейер жөнделіп отыр. Кесте бойынша оның жұмысын 41 тәулікке тоқтатып отырмыз. Жоспарға сәйкес маусымның аяғына дейін жөнделген конвейерді пайдалануға беретін боламыз. Әзірше ешқандай ауытқулар жоқ. Барлығын үлгереміз деп есептеймін, - дейді. Ерғали Убайдуллаев |
Реклама



Последние новости
Вчера, 12:16
107
0
Вчера, 12:10
102
0
Вчера, 11:51
76
0
Вчера, 11:45
72
0
Вчера, 11:43
91
0
Категория: ---
Теги:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем. Комментарии (0)
|
Популярное на сайте
|