Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Ардагерге құрмет көрсетілді

Ардагерге құрмет көрсетілді

05.06.20
Автор: magnetit
Просмотров: 94
Комментариев: 0

Ардагерге құрмет көрсетілді

«Өткенді ескермеген елдің келешегі жоқ!» Осындай даналы сөзді ұран еткен «ССКӨБ» акционерлік қоғамы кәсіпорын мен қаланың дамуы жолында бірнеше жыл қызмет етіп, маңдай тері сіңген өз ардагерлеріне құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырып алған. «Соколов» шахтасының қызметкері болған Ескендіров Жақсылық Балатайұлы 75 жасқа толғанда бірлестік қызметкерлері үйіне арнайы барып құттықтады.

1968 жылы Қарабалық ауданынан Рудныйға келген жас жігіт алғашында енді ғана жұмысын бастап жатқан фабрикада электр слесарі болып жұмыс бастаған. 1 жылдан соң тау-кен темір жолдары көлігі цехына  жұмысқа ауысқан. 1969 жылдан бастап 11 жыл жылжымалы құрамды жөндеу цехында жұмыс істепті. Жұмыспен қатар оқуға да үлгерген Жақсылық Балатайұлы 1974 жылы тау-кен электр-механигі мамандығы бойынша техникумды аяқтаған. Оқу барысында жер асты кеншісі болу дағдыларын да үйренген. 1980 жылдан бастап «Соколов» шахтасында қызмет еткен.

– Оған дейін практика өтеу барысында шахтаға жұмысқа барып тұрғанмын. Осылайша біртіндеп жер астында жұмыс істеуді бойымда қалыптастыра бастадым, – дейді кейіпкеріміз. – Барлық уақытта да электр слесарі болып жұмыс істедім. 3 жылдай тау-кен шебері болып та қызмет атқардым. 1995 жылы зейнетке шықсам да басшылық жұмысымды жалғастыруға мүмкіндік берді. Осылайша 2002 жылға дейін бірлестіктің шахтасында жұмыс істедім. Өткенге назар салсам, алғаш шахтаға түскенде өзімді метрода жүргендей сезіндім. Барлық қатарлас әріптестерім де осылай дейтін. Себебі, барлық жер таза, тәртіппен орналастырылған, жарық болып тұратын. Жуырда ТВС телеарнасы шахтадағы қызметкерлерді, ол жерде жасалған жағдайларды көрсеткенде көңілім толып, біз қалдырған үрдіс сақталғанына дән риза болдым.

Жақсылық Балатайұлымен бірге жұмыс істеген азаматтардың бірлі-жарымының ғана қазір көзі тірі. Мүмкіндік болғанда олар бір-бірінен хабар алып тұрғанын айтады. Ендігі кезек жас буында. Ардагерлеріне құрмет көрсетуді алдарына міндет еткен бірлестік қызметкерлері ешқандай мерекеде оларды назардан тыс қалдырмайды.

– Жағдайымды жіті бақылап отыратын жұмыс орным 75-імде де мені ұмытпапты, сый-сияпатын алып құттықтауға келіп отыр. Сол үшін ССКӨБ әкімшілігіне, «Соколов» шахтасы ұжымына және кәсіподақ ұйымына алғысым шексіз. Мен де үнемі бірлестіктің бүгінгі өмірін бақылап отырамын. Бағдары дұрыс, жоспары орынды. Біз секілді ардагерлер өмірінің басым бөлігін арнаған жұмыс орнының гүлдеп-жайнағанын тілеп отырады, – деді Жақсылық Ескендіров.

Жастайынан ширақ болған Жақсылық Балатайұлы спорттан да алыс болмапты. Бөлімшелер арасында өткізілетін спартакиадада белсінділік танытып отырған. Әсіресе коньки спортына жаны жақын болғандықтан көбірек спорттағы жетістіктері осымен байланысты.

Жұбайы Зеремен тұрмыс құрғандарына биыл 52 жыл. Бір қыз, бір ұлдың ата-анасы болу бақыты бұйырған. Қызы ССКӨБ тізімінде техникалық бөлімнің инженері болып қызмет атқарады. Ал, ардагердің өзі 75-інде денсаулығын сақтау үшін ерінбей саяжайда егін егіп, жер аударып тұрады екен. Бағбандықты жанына серік еткеніне де 35 жыл болған. Өмірін мысал ете отырып, жастарға ешқашан еңбектен жалтармау керектігін өсиет етті.

 

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ

Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив