Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Бірлігі бекем бөлімше

Бірлігі бекем бөлімше

05.06.20
Автор: magnetit
Просмотров: 98
Комментариев: 0

Бірлігі бекем бөлімше

Біз ССКӨБ акционерлік қоғамы автокөлік цехының жөндеу жұмыстары мен техникалық бақылау  жүргізілетін боксының жұмысымен таныстық. Мұнда 90 тонналық «CATERPILLAR» алып көліктері жоспарлы жөндеуге әкелінген екен. Жоспарлы түрде жөндеу жүргізудің өзі бірлестіктегі өндіріс қарқынын үздіксіз етудің бір кепілі.

Жөндеу жұмыстары алғашында барлығын тексеруден басталады. Қажетті бөлшектердің жарамсыздары анықталып, орнына басқасы орнатылып, майы тексеріледі. Осылайша қалыпқа келтіру жұмыстары кезеңмен жүргізіліп отырады. Автокөлік цехында қазіргі уақытта 4 алып техникаға жөндеу жүргізіліп жатыр. CAT 777 E техникасы жоспарлы жөндеуге келген. Қалғандарының бірінде жүк көтергішін қалыпқа келтірсе, бірінің артқы бөлігі реттелуде. Осылайша әр ауысым барысында жұмыс қыза түседі.

– Бізде жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жиі жүргізіледі. Одан бөлек жоспардан тыс жөндеу жұмыстары да болып тұрады. Біздің бөлімше кен тасымалдайтын алып көліктерді қалпына келтірумен айналысады. Айына орташа есеппен 50-ден 60-қа дейін осындай техникаларды жөндеп шығарамыз. Сонымен қатар жүк тасымалдаушы техникалардың жүрген жол қашықтығына қарай техникалық бақылау жүргізіп отырамыз, – дейді «ССКӨБ» АҚ ТЖЖБ АКЦ №1 ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету учаскесінің шебері Вячеслав Макаров.

Маманның айтуынша бұл бөлімше кен алыбында қызмет ететін техниканың кез келген түрін жөндеуге қауқарлы. Жөндеу бригадасы слесарьлар, жонушылар, электрлі газбен дәнекерлеушілер мен краншылар секілді мамандардан құралады. «Барусан Макина» ЖШС мердігерлік ұйымынан 20-ға жуық адам және автокөлік цехының техникалық қызмет көрсету бойынша жиырма шақты ағымдағы жөндеушілері күндізгі-түнгі ауысымдарға бөлініп, тоқтаусыз жұмыс атқарады.

– Ең басты талап – еңбек қауіпсіздігін ескере отырып жөндеу жұмыстарын өз уақытында және сапалы орындау. Себебі, бұл техникалар кеніште ауадай қажет. Сол үшін де техникалардың жөндеу боксында емес, карьерде қызмет еткені керек. Сонда ғана жұмысымыздың сапасы да маңызы да айқындалады, – дейді Вячеслав Макаров.

Техникалық бақылау да жиі жүргізіліп тұрады, себебі, техниканың тоқтаусыз қызмет етуін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі. Ал, жоспарлы жөндеуге келген техникалардың қай бөлшегін алмастыру керек екенін автокөлік цехындағы жөндеушілер алдын ала болжап, дайындығын пысықтап отырады екен. Қажетті жөндеу құралдары жеткілікті, бірлігі бекем, мамандары білікті цехтың жұмыс үрдісіне де басшылардың көңілі тоқ.

 

Жарасқан БЕКНАЗАРҰЛЫ

Суретті түсірген автор

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив