Регистрация Войти
Вход на сайт
Реклама
Реклама
  Реклама   Реклама  Реклама 
» Қос дөңгелек шеберлері жарысты

Қос дөңгелек шеберлері жарысты

15.06.20
Автор: magnetit
Просмотров: 81
Комментариев: 0

Қос дөңгелек шеберлері жарысты

Соңғы он ай ішінде өткізілген бірінші ауқымды шара қаламыздағы «Достық» саябағында ұйымдастырылды. Ол велоквест спорттық ойын-сауық шарасы. Бірнеше сағат ішінде қос дөңгелекті жарыса тепкен рудныйлықтар қала аумағын айналып шықты. Олар үшін «New Rud» жастар бірлестігі бірнеше сынақтарды алдын ала дайындап қойған.


Дайынсың ба, алға бас! Бұл биылғы жылдағы қаламызда ұйымдастырылған алғашқы ауқымды шарада берілген старт. Бұл спорт түрін жанына серік еткендер соңғы уақытта Рудныйда көбейіп келеді. 2019 жылы қаламызда веложарыстың бірнеше түрі өткізілген болатын. 2020-да ауқымды шараларға тиым салынғаны себеп, барлық спорттық жарыстар тоқтатылды. Дегенмен, маусым айында карантин режиміне енгізілген жеңілдіктер рудныйлық жастар ұйымына жазғы велоквест пилоттық жобасын ұйымдастырып, қала тұрғындарының басын қосуға мүмкіндік берді.

Өткен жылы веложарыстар еріктілердің бастамасымен өткізілген болса, 2020 жылы олар мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды. Барлығы болып тоғыз команда қатысты. Әрқайсысының құрамында 16 жастан асқан үш адамнан бар. Ұйымдастырушылар қала бойылап 7 бекетте сынақтар дайындаған. Оларды велосипедшілер арнайы басқатырманы шешу арқылы анықтай алды.

– Жалпы жаз бойы осындай үш велоквест өткізу жоспарланып отыр. Соның алғашқысындағы тапсырмаларда қаламыздағы ескерткіштер таңдап алынған. Одан бөлек тапсырмаларды қатысушылар айналма жолдардан, қала тарихында маңызы бар орындардан, автобекеттерден тауып отырды. Басты мақсаттардың бірі ретінде шара барысында қаламыздың тарихын да қатысушыларға ұқтырып отыруды көздедік, – дейді қалалық еріктілер штабының жетекшісі Мария Зюванова.

Кейбір сынақтарда қатысушылар педальді зуылдатса, ал басқаларында тапқырлық пен ұйымшылдықты көрсетті. Мысалға сондай тапсырмалардың бірі, капитандар көзін байлап алып тек команданың дауыстарына сүйене отырып кедергілерді айналып өтуі керек болды.

Командаларға екінші және үшінші орындар үшін спорттық су бөтелкелері мен магниттік шахматтар жиынтығы сыйға тартылды. Жеңімпаздарға велосипед тауарлары дүкенінен бірер зат сатып алғанда пайдаланатын үш мың теңгелік сертификаттар берілді. Келесі квест шілде айының басына жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша қызықты тапсырмалар көп болмақ.

 

Жарасқан НҰРЫБАЕВ

Суретті түсірген Римма ЖАРОВА

Категория: ---
Теги:


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии (0)
Оставить комментарий
Введите код
с картинки:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив